Бір реттік жаялықтардың (памперстің) зияны неде?

Бір реттік жаялықтардың (памперстің) зияны неде?

Бір рет қана пайдалануға арналған жаялықтарды көбі «памперс» дейді. Алайда «памперс» бір реттік жаялықтардың бірінің атауы. Ағылшын тілінен аударсақ «еркелету, әлпештеу» деген мағынаға ие бұл сөз халық жадында жақсы жатталды. Соған бола барлық түріне осындай атау беру, әрине, дұрыс емес.
Бір реттік жаялықтарды ХХ ғасырдың соңына таман Американың Небраска штаты, Милфорд қаласында Виктор Миллз есімді өнертапқыш ойлап тапқан. Ол химиялық технология саласы бойынша отыз бес жыл «Procter@Gamble» компаниясында жұмыс істеп, тапқырлығымен атағы шыққан. Шебер зейнетке шығып, қартайған шағында жалғыз қызынан туған жиенін бағуға тура келген. Әрине, жұмыс нәрестенің тек тамағын берумен ғана шектелмейді. Сәбидің жаялықтарын қайта-қайта жуып, оны кептіру керек. Қарт адамға қайта-қайта нәжіс тазалау да оңай емес. Сөйтіп жүргенде шалдың миына «жумайтын жаялық неге ойлап таппаймын» деген ой түседі. Ақыры Виктор шал әлемде алғаш рет нәрестенің үлкен-кіші дәретін бойына сіңіріп алатын «жаялық» ойлап тауып, өзінің жиені арқылы сынақтан өткізді. Алайда, оны сол кезде ешкім пайдалана қоймайтын. Бүгінгі күні кез келген сәбидің жанынан табылатын деңгейге жетті. Себебі ол аналар үшін қолайлы болып отыр.
Оны 3-4 сағаттан артық кигізбеген жөн. Егер жаялық таза болса да, белгілі уақыт өткен соң ауыстыру қажет. Себебі баланың терісі демалу керек. Жалпы, бір реттік жаялықтарды дәрігерге барған жағдайда, серуенге шыққан уақыттарда болмаса үйде қолданбаған дұрыс. Өйткені ол теріні тітіркендірмей қоймайды.

Пайдалы тұсы:
Аналардың уақытын үнемдейді;
Оларды қолдану арқылы үй ішіндегі тазақлықты сақтау жеңіл;
Күнделікті жаялықтарды жуудан құтылуға болады;
Түнгі ұйқы тыныш;
Қонаққа барғанда, серуенге шыққанда таптырмас көмекші.

Зияны:
Қаржы шығындалады;
Құрамындағы химиялық қоспалар аллергиялық дерматит тудыруы мүмкін;
Ата-аналар балаларының дәретке қаншалықты жиі баратынын қадағалай алмайды;
Оның құрамындағы «трибутилен» деген улы зат үлкен қауіптерге әкелуі ықтимал. 

anabol.kz
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста