Блог деген не?

Блог деген не?

Бүгінде интернетті пайдаланушылардың көпшілігінде жеке блогтары бар. Блог дегеніміз не және оны кез келген адам тегін аша ала ма? Гүлбаршын СЕРҒАЗЫҚЫЗЫ, Алматы қаласы

Өте орынды сұрақ. Алдымен «блог дегеніміз не?» деген сауалға жауап іздейік. «Блог дегеніміз – он-лайн күнделік» деп түсіндіреді. Блог туралы ғаламторда жазылғандарды жинақтасақ: блогтағы хабарлар хронологиялық тәртіпте орналасады; блогты негізінен бір адам, бірінші жақтан жазады; блогта автор басқа сайттарға сілтемелер жасайды; блог жиі жаңарып тұрады; блогтағы хабарларға пікір қалдыруға болады; блог арқылы оның авторы туралы көзқарас қалыптастыруға болады; блогты негізінен әуесқойлар (олардың арасында кәсіби журналистер немесе ақын-жазушылар да бар) жүргізеді; блогтарда түрлі мәтіндер, фотосуреттер, аудио, видео болуы мүмкін. Қазіргі таңда қазақша блог жасаушылар blogger.com және wordpress.com сайттарына тіркелу арқылы жеке блогтарын ашады. Блог ашу тегін және блогты сіз өз қалауыңызша өңдеп, түрлі суреттер, мәтіндер, бейнежазбалалар орналастыра аласыз. Егер сізге аталған сайт блог ашуға тегін берген орын жетіңкіремесе, материалдарыңыз сыймаса, блогыңызды ақылы түрде кеңейте аласыз. Бірақ блог бастағыңыз келсе, ағылшын тілін білуіңіз керек. Өйткені блогты ашу туралы ақпараттардың барлығы дерлік ағылшын тілінде. Сондықтан бүгінгі таңда ең өзекті мәселенің бірі Қазақстанда интернетке қосылу мәселесін, қазақша сайттарды, блогтарды дамытуды, олар туралы ақпаратты таратуды дұрыс жолға қою маңызды болып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста