БОЛАШАҒЫҢЫЗДЫ БОЛЖАЙ БІЛІҢІЗ

БОЛАШАҒЫҢЫЗДЫ БОЛЖАЙ БІЛІҢІЗ

1 және 2,3,4,5,6,7,8,9, осы сандарда қандай құдырет бар дейсіз? Халқымыз 7 мен 9 санын киеліге балаған. Сөйтсек тегін емес екен. Белгілі бір сандарға орайлас туған адамның болмысы, болашағы тура алақанға салғандай сайрап тұрады. Шығыс күнтізбесінде, соның ішінде жапондықтарда мұны «Сан туралы ілім» - дейді. Бұл ілімнің белгілі болғанына мың жылдан асып барады. Цифрология, яғни «Сан туралы ілім» біздің мінезімізді, болмысымызды табиғи ерекшелігімізді, тағы басқа қасиеттерімізді қандай планета билеп, әсер етіп отырғанына түсініктеме жасайды. Мәселен былай: сіз өз тағдырыңыздың санын, яғни, бір ме, бес пе, жеті ме - білгіңіз келеді дейік. Ал сол әр санның /тоғызға шейін, әрине/, аржағында тоғыз планета тұрады. Сіз егер «7»-інің өзі қайдан шықты? Сіз қай күні, қай айда, қай жылда туылдыңыз? «27-шілде, 1962 жылы» дейік. Олай болса, осы сандарды бір-біріне қосыңыз. Қосындыны тағы бір-біріне қосыңыз. Шыққан жалғыз сан-сіздің Тағдыр саныңыз. Енді іс жүзінде:2+7+0+7+1+9+6+2=34. 3+4=7.
Кейде қосынды екі саннан тұрады. Ондайда оларды бір-біріне қосу керек, қашан жалғыз таңбалы сан қалғанша... Мысалы, сіздің досыңыз, немесе, туысқаныңыз қыркүйектің 8-інде, 1955 жылы туды делік. Ал қосалық: 8+9+1+9+5+5=37. 3+7=10. 1+0=1. «1» Сол кісінің тағдыр саны.

Атақты адамдар өмірінен мысалға жүгінейік:
Егер сіз «1» санының астында дүниеге келсеңіз... /Мысалы: – 20.09.1934ж./ – онда сізді жебеп-желейтін планета – Күн. Олай болса, осы санның астында туған кісінің өмірі қиыншылық пен қайшылыққа толы. Қол жеткізген атақ-даңқ, табыстар тек тамшылатып төгілген термен, табандылықпен келген. Ол үшін талай-талай нәрселерді құрбандыққа шаласыз. Тым өзімшілдік, бірбеткейлік, менмендік сізді көп ортадан шеттетеді. Шын берілген дос адамның өзін тек жеке бастың қамы үшін пайдаланып кетесіз. Қандай жағдайда да жеңіп шығуға, үстем, өктем болуға тырысу - «1» санына орайлас туғандардың басты қасиеті. Олардың ылғи да шоқтығы биік тұрады. Егер ойлағандары іске аспай қалса, «таз ашуын тырнап алады» дегендей, төңірегіндегілерді жүндей түтеді.

Егер «2» санына орайлас тусаңыз...
Мысалы, /14.01.1931 ж./ болса қорғайтын нысан /планета/ – Ай. Ай жарықтай жүзіңіз нұрлы, әрдайым көңілдісіз. Тек достық шыраймен қарайсыз. Өміршеңдік, қиынның өзін қиыстырып жіберетін мизам шуақтай мінезіңіз айналаңызда көп адамды жинайды. Бәрі сізге ұмтылады. Соған орай ылғи да жолы болғыш, ештеңкені күшпен, зорлықпен алуға, белден басуға тырыспайды. Өзінен-өзі-ақ келеді.
Егер «3» санына орайлас дүниеге келсеңіз, онда – планетаңыз Юпитер. Басты қасиеті - кісіге үйірсектік. Ешкімге залалы жоқ. Жамандық тілемейді. Қайта өзімде емес, өзгеде болса екен дейтін. Шеттерінен шешен, сөзге ағып тұрады, зерделі әрі сақтар. Аяғы тайып кеткен жағдайда, қайтадан қаз тұра қойғыш, жүні жығылып, бәзбіреулерше еңсесі езіліп кетпейді. Өн бойы желі оңынан соғады, қиын проблемаларды шешемін деп бас қатырып жатпайды, ал жұмыс істесе, ынта-шынтасымен беріліп істейді. Махаббат – ол үшін ауадай қажет. Көптеген белгілі әртістер осы «3» санының астында туған.
Егер сіз «4» санына орайлас тусаңыз, мәселенки, атақты киноактриса Брижит Бардо сияқты. Ол 28.04. 1934 жылы дүниеге келген. Сізді желеп-жебеп қолдайтын планета – Сатурн. Егер «4» тез байлыққа ие болса, қолдаушысы оны қашанда қуаттағаны. Еңбекте жетістікке жетсе, өз маңдай тері, табан ақысы. Жұрт қашанда оған сенім артады, бірақ достарының көбі - бәтуасыз. «Төрттіктер» - ырымшыл жандар, отбасында мәйін де жұмсақ. Өйткені, өздерін ең жақын адамдарынсыз бейшара сезінеді. Өмірге реалистік көзқараспен қарайды.

«5» санына орайлас туған болсаңыз... Онда сізді желеп-жебейтін планета – Меркурий. Ол планета астында туған адамдардың айырықша мінезі – тас бұлақтай шамырқанған, күш-қажыры бойында буырқанған болып келуі.
Өмір деген олар үшін – кітаптағыдай қым-қуат оқиға. Біркелкі қалыпты өмірге, митың тірлікке төзімсіз. Сезімтал, интелектісі бай, бір қиын мәселе шешу керек болса, құлшына кіріседі. Бірақ мойнына көп жауапкершілікті ала бермейді. Жеке өз басы жауап беретін шаруа болса, жалтарып кетуге әзір. Өмірі тек ғана қозғалыстан, алға жылжудан тұратын секілді. Қызметте менменсіп, шірене бергенді онша қаламайды.

Егер сіздің Тағдыр саныңыз – «6» деген сан болып кетсе... Онда Венера планетасының астында туғансыз. Сіздің жебеушіңіз мықты, мақсатты іске өне бойы жетелейді. Арман-аңсар, биік мұраттарға жеткізбей қоймайды. Өмірлік мән – сұлулық, агармония – үйлесімділік. Осыдан өнерге, музыкаға, жалпы әдемілікке ұмтылыс. Сүйісу, әуестену. Сөйте тұра, өзін сынағанды ұнатпайды, алда-жалда біреуге мін таққысы келсе, оның өзінің тігісін жатқызып, «тістерін сындырып» барып жеткізеді. «6»-ның астында туғандар - әсілі консультанттар, өз жеке өміріне үстірт қарайтындар. Бірақ айналасына үлкен сенім артады.

...Егер сіз «7» санына орайлас тусаңыз сізді қолдаушы планета – Уран. Көбіне-көп сізді ойлануға, философиялық, толғаныстарға бастайды. Ойшылықта жақсы, бірақ өз-өзіңмен болып, оңашаланып қалатын да кездер аз емес. Жалғыздыққа да бейім тұрасыз. Техника, ғылыми зерттеу жұмыстарында зор табыстарға жетуіңіз «7» санының астында туғандардан таудағы ұлардай тек жалғыз-дара тұлғалар, ұлы философтар, өнер мен сахна шеберлері, белгілі қайраткерлер шығады.

«8» санының астында жарық дүниеге келсеңіз. Қолдаушыңыз – Меркурий планетасы. Осы жебеушілеріңіздің арқасында қалтаңыз толы ақша, өмірде жолыңыз болып, үлкен табыстарға қол жеткізесіз. Бай бола тұра дүниеқоңыз, ақшаның құлы болмайсыз. Егер жақын адамдарыңыздың басына күн туса, алдымен қол созатын өзіңіз.

«9» санының астында тусаңыз егер... Желеп-жебеушіңіз – Нептун. Мінезіңіз осы айбынды су Құдайындай сан құбылады, аумалы-төкпелі. Жеке басының жағдайына онша-мұнша мән бермейтіндері де бар. Көшкен қаңбақтай, өмір толқынында домалай береді. Кейде аспандағы айға шауып әлек. Онысынан түк шықпайды, өз ортасынан бөлініп, сопайып жалғыз қалады. Рас, достарының әлсіз жақтарын ой таразысына салып, дұрыс қорытынды түйе біледі. Әсершілдік, сезімталдық оның – басты қасиеті. Үлбіреген гүл, шабытты салынған сурет көрсе, қызығып қарап қалатын әсемпаздығы да жоқ емес. Қысқасы, бір жұмбақ, табиғаты ала-бөтен ерекше жан.

reactor.inform.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста