Даму күнтізбесі: 2 жасар бала не істей алуы керек

Даму күнтізбесі: 2 жасар бала не істей алуы керек

2 жасқа толған сәби не істей алуы керек? 2 жасар баланың бойында қандай қасиеттер қалыптасады? Ол осы жасқа дейін нені біліп, нені үйренуі керек? Бұл жайлы Stan.kz ұсынған екі жасар баланың даму күнтізбесінен біле аласыздар.
сы жаста көптеген балалар горшорка отырып, тамақты өзі мұқият жеуді үйренеді. Екі жаста бала ересектердің қандай да бір нәрсені түсіндіргенін тыңдай алады, ал кейбір сәбилер сұрақ қоя бастайды.

Бала 2 жасқа келгенде не істей алады? Олар бірнеше кедергіден кезекті қадамдармен өтіп, еденде жатқан тақтаймен теңгерімді сақтап жүре алады. 2 жастағы балаларға арналған қимылды ойындарда секіру, жүгіру, доп лақтыру, төбешіктен сырғанау секілді ойындарды қосуға болады.

2 жасар балаға күтім

Әдетте, балалар 2 жасына қарай горшоктың не екенін біліп, онымен танысып болады. Бала сөздер мен белгі беру арқылы горшокка отырғысы келетінін білдіреді, ал кейбіреулері шалбарын өзі шешіп, дайындалады.

Танымдық дамуы

Заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай ажыратуы:

- 2 жасар бала көлемді геометриялық пішіннің конфигурациясын жазықты суретпен байланыстырады.
- Үш немесе одан да көп түсті көлемді заттарға бағдарланады. Және ересектер көрсеткеннен кейін заттарды жинай алады.
- Көлеміне байланысты түрлі-түсті төрт-бес сақинадан пирамида құрастырады.
- Көзі үш-төрт түске түседі; кейбіреуінің қалай аталатынын айтады және үлгіге қарай таңдай алады.
- Заттардың салмағын, құрылымын, температурасын яғни, ауыр, жеңіл, жұмсақ, қатты, суық, жылы екенін тани бастайды.
- Екі жасар бала параққа тік, көлденең, дөңгелектелген, қысқа және ұзын сызықтарды сызуды біледі. Сондай-ақ, не салып жатқанын айтады.

Ойын әрекеттері

Екі жасқа толған балалар ойын кезінде зеректік танытады. Ұнаған ойыншығын судан торлы дорбамен таңдап ала алады. Бірнеше жүйелі ойын әрекеттерін жасайды немесе мәселеге тап болғанда ойын жағдайын өзі шешеді. Мысалы, жанында ыдыс тұрса, қуыршақты тамақтандырады немесе текшелер мен машина болса, гараж құрастырады. Сондай-ақ, ауыстыру элементтерін қолданады. 2 жасар бала ойыншықпен екі сюжеттік әрекет жасайды. Мәселен, қуыршақты тамақтандырып, ұйықтатады және машинкаға заттар басып, тасиды.

- Үйде өзіне жақын ересек адамдардың әрекетін қайталайды.
- Текшелерден кішкене ойыншықтарға арнап ғимарат, үй, жол, орындық, диван, үстел және т.б. таныс ғимараттар тұрғызады.
- 2 жастағы баланың дамуы өзінің құрдастарымен ойыншықтарды бірге ойнауына мүмкіндік береді.

Эмоционалды және әлеуметтік дамуы

- Эмоционалды, белсенді, жігерлі жағдайда болады.
- Ересек адамдар мақтаса, епті әрекеттер жасағысы келеді.
- Рұқсат бермей қойса қырсығып, өз дегенін жасатқысы келіп, талап етеді.
- Сәтті болмай қалса көңілі толмай, жасап отырған әрекетінен бас тартады.
- Үлкендердің өтінішін орындағысы келмесе қырсығады.
- Жақын адамына немесе өзі секілді басқа балаларға еліктеп, ым-ишара білдіреді.
- Өзіне назар аударту үшін шыңғырады.
- Ересек адам ұрысса оған жауап ретінде, қалағанын жасатпай қойғаны үшін ашуланып, тыңдамай қояды.
- Бейтаныс ересек адамға жақындағысы, сөйлегісі келмейді.
- Анасы кетіп қалғанда, шошыса және ренжіген кезде ұзақ жылайды.
- Ересектердің немесе басқа балалардың назарын өзіне аудару үшін күлімсіреді, ым-ишара білдіреді, көзіне қарап, мақтауын күтеді.
- Жақсы адамдармен қарым-қатыс барысында жарқын эмоциялар көрсетеді.
- Балалармен бірге ойнағанда күлімдеп, эмоциялы бояулы сөйлеуді қолданады.
- Өздігінен айтқан сөздері мен буындары ұнайды.
- Эмоциялы түрде музыкаға, ән айтуға, кішігірім халықтық пішіндерге қызығады және қимылды ойындарды саралап таңдайды.
- Көңіл көтергенді жақсы көреді, соның ішінде ойындарды қуана ойнайды.
- Таныс жағдайларда эмоционалды зерделік көрсетеді.
- Мультфильмдерді және балаларға арналған теледидарлық хабарларды қызығушылықпен көреді.
- Жылап жатқан балаға, қарт адамдарға аяушылық танытып, жаны ашиды, жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлық жасайды.
- Эмоционалды түрде өзін ұстап, күте тұр дегенді түсініп, үлкендердің айтқанын орындайды. «Ойыншықтарды жина», «мынаны жасауға болады», «мынаны болмайды» деген нұсқауларды қарсылықсыз қабылдайды. «Жақсы», «жаман» деген сөздерді түсінеді.

Сөйлеу дағдысының дамуы

Сөзді түсінуі:

- Өзіне таныс оқиғалар туралы айтылған қысқа әңгімелерді ешқандай қимыл көрсетпесе де түсінеді.
- Осы оқиғалар туралы сұрақтарға жауап береді.
- «Ал, апар, қой» деген үш тапсырманы орындай алады.
- Жаны ашиды, үлкендер өтінсе көмектеседі.
- Бет және дене бөліктерінің қалай аталатынын біледі және көрсете алады.

Белсенді сөйлеуі (200-300-ге дейін әртүрлі сөздер біледі)

- Ересектермен және балалармен қарым-қатынас жасағанда, бір нәрсені көрсететін кезде, өтініш жасағанда екі немесе үш сөзден құралған сөйлемдерді қолданады.

- Сөйлемді әлі дұрыс құрай алмайды. Сын есім мен есімдікті, көмекші сөздерді, үстеуді қолдана бастайды. Өзін «мен емес, ол» деп үшінші жақта атауы мүмкін.
- Бұған дейін естіген өлеңдердің шумағын айтып, бірге әндетуі мүмкін. Екі немесе үш сөйлем құрастыру арқылы қазіргі уақытта не көріп тұрғанын айта алады. Сұрақтар қойып, суреттегі заттарды атайды.
- Жеңіл сөздерді дұрыс сөзбен алмастырады. Өзіне өзі «жақсы», «үлкен», «әдемі» деп, баға береді. Жекеше түрде «сау бол», «пока», «рахмет», «сәлем» деп айта алады.

Тұрмыстық дағдылары

- Тамақты төгіп-шашпай жинақы ішеді.
- Жуыну кезінде алақаны мен бетін ысқылап, жуады.
- Ересектердің көмегімен сүртінеді.
- Шұлығын таптып, тақиясы мен аяқ киімін ересек адамдардың азғантай көмегімен өзі киеді.
- Жартылай өзі шешінеді.
- Киімдерінің, аяқ киімнің, ыдыс-аяқтың, ойыншықтардың орнын біледі. Ескертсе, мұрнын бет орамалмен сүртеді. Физиологиялық қажеттіліктерін өз бақылайды. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста