Дәрігерлер ыстық шай ішу өте қауіпті екенін анықтады
Ішімдік ішу мен темекі шегуді асыра пайдалану кезінде ыстық шайды ішу өңеш обырының пайда болуын бес есеге дейін арттыратынын дәлелдеп шықты зерттеу жүргізген қытай дәрігерлері.
Олардың айтуынша 65С қайнаған шайды ішу кезінде өңештің қабыршағы термалды зақымдалуына байланысты ішімдік пен темекінің құрамындағы зиянды заттар мен уыттарға тосқауыл болу мүмкіндігінен айырылады.
Дегенмен,зерттеу нәтижелері қауіпті көрінегенімен шай ішуден үзілді-кесілді бас тартудың қажеті жоқ.
Өйткені шайды 65С әлдеқайда төмен температурада ішеміз.
Ал зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, қатерлі ісікке 60 не 70 жастан асқан ер адамдар жиі шалдығатын көрінеді.
Бастапқы кезеңде денсаулықта еш өзгеріс байқалмаса, артынша асқазандағы қыжыл,тәбеттің болмауы және салмақ тастау сияқты сырқаттың белгілері пайда болады.
Дереккөзі: healthinfo.ua