Декреттік демалыс кезінде еңбек демалысын ала аламын ба?

Декреттік демалыс кезінде еңбек демалысын ала аламын ба?

Мен жоғары оқу орнында мұғалім болып жұмыс істеймін. 2011 жылы еңбек демалысын алғанмын. 2011 жылдың 15 қыркүйегінен 2012 жылдың 18 қаңтарына дейін босануға байланысты демалыста болдым. Маған 2012 жылға еңбек демалысы қалай беріледі? Материалдық көмек төлене ме?
Жеміскүл, Жетісай қаласы
Еңбекке ақы төлеу басқармасы маманының айтуына қарағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 192-бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс), әйел­ге қалауы бойынша жүктiлiкке және бо­са­ну­ға байланысты демалыстың алдында не­месе тiкелей одан кейiн, не балаға күтiм жа­сауға арналған демалыс бiткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бе­рi­ледi.
Жыл сайынғы ақылы еңбек дем­алы­сы­на құқық беретiн жұмыс өтіліне:
1) нақты жұмыс iстелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бi­рақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жа­рам­сыздығына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну ал­дында нақты жұмыс iстемеген уақыт қо­сылады.
Жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс кезеңі жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс өтіліне кіреді.
Сонымен бірге Кодекстің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұста­ла­тын азаматтық қызметшiлерге жыл сайын­ғы ақылы еңбек демалысы лауа­зым­дық жалақысы мөлшерiнде сауық­ты­ру­ға арналған жәрдемақы төлене отырып берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауық­­­тыруға арналған жәрдемақы күн­тiз­белiк жылда бiр рет төленедi.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста