Декреттік демалыстан кейін еңбек демалысын алуға бола ма?

Құрбым 2008-2009 жылдар аралығындағы еңбек демалысын 2009 жылдың мамыр айында алуы керек болатын. Бірақ 2008 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2009 жылдың 1 наурызына дейін декреттік демалысқа шықты (бала туғанға дейінгі, бала туғаннан кейінгі). Еңбек демалысын алатын мерзімге екі ай жетпейді, сонда да декреттік демалыстан кейін еңбек демалысын алуға бола ма?
Жанат, Тараз қаласы
Бұл сұраққа ҚР Денсаулық және әлеуметтiк даму министрлігі
Еңбекті нормалау және еңбекақы төлеу басқармасының сарапшы мамандары былай деп жауап берді:
–2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 192-бабына сәйкес, әйелге қалауы бойынша жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін, не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.





