Декреттік демалысым бітпей жұмысқа шығуға құқығым бар ма?
Мен 1992 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп келемін. 2010 жылдың қазан айынан 5-інші балаға декреттік демалысқа шықтым. 2011 жылдың ақпан айынан жұмысқа шықпақ болғанымда, мектеп директоры «қазір орын жоқ, маусым айында келесің» деген болатын. Маусым айында барсам, «әлі орын босаған жоқ, балаң үш жасқа толғанға дейін сені жұмысқа алмауға құқығым бар» дейді. Директордың айтқаны дұрыс па?
Жұмагүл Жасанова, Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 195-бабына сәйкес, жұмыс берушi қызметкерге ата-анасының қалауы бойынша баланың анасына не әкесiне, баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-ананың бiреуiне, баланы iс жүзiнде тәрбиелеп отырған әжесiне, атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерге бала үш жасқа толғанға дейiн баланың күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге мiндеттi.
Бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметкердiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде оның қалауы бойынша толық немесе бөлiнiп пайдаланылуы мүмкiн.
Бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) сақталады.