Діндегі жыныстық жақындықты реттеушіліктің астарында не бар?

Діндегі жыныстық жақындықты реттеушіліктің астарында не бар?

Барлық дәстүрлі діндерде ер адам мен әйелдің арасындағы жыныстық жақындықты реттеушілік шарттары бар және бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінген. Оның себебі неде? –деген мәселеге келсек, жауабын веда ілімінен табуға болады. «Бақсақ бақа екен» демекші, дәстүрлі діндер қатты назар аударған бұл мәселенің астарында үлкен сыр жатыр екен. Сонымен…

 

Бейберекет жыныс жақындығы адамды аздырады

Қазіргі адамзат қоғамындағы отбасылық институт негізінен дәстүрлі діндер арқылы келгендігін тарихқа назар аударып қарасақ, көзіміз жетеді. Әлем халықтары ұстанатын 5 дәстүрлі діннің бәрі де кезінде мемлекеттік деңгейдегі адамдар ұстанған дін болғандығы белгілі. Пиреней түбегінен Қытайға дейінгі кең аумақты алып жатқан Ислам халифаты ұстанатын ресми дін – ислам діні болды. Ал Батыс елдері орта ғасырларда христиан дінін ұстанып, Рим папасына бағынды.

Міне, осылайша мемлекеттік деңгейдегі ресми дін дәрежесінде болған дәстүрлі діндердің бәрі отбасылық институтты қолданған және отбасы қатынастарының шарттары онда нақтыланған. Неке адалдығын бұзу христиан дінінде де, ислам, иудей діндерінде де өлім жазасына дейін ауыр жазаға тартылатын күна болып саналған. Ислам елдерінде күйеуінің көзіне шөп салған әйелдерді әдетте таспен ұрып өлтірген. Бұндай жаза христиандарда да қолданылған.

Дәстүрлі діндер неге сонша неке адалдығын бұзуды қатаң айыптады? Оның астарында бейберекет жыныс жақындығына салыну арқылы адамдардың нәпсінің құлы болып, хайуандық деңгейге дейін құлдырайтындығы жатқаны анық. Бейберекет жыныс жақындығы адамның санасын ластап, оны ең биік адами қасиет – зердеден айырады. Ал зердесін шел басқан пенде жақсы мен жаманды айырудан қалады, есте сақату қабілеті төмендейді, ерік-жігері азаяды.

Неке адалдығына жете көңіл бөлмейтін қазіргі адамзат қоғамында орын алып жатқан түрлі жаман әдеттердің бәрінің астарында дәстүрлі діндер қатты назар аударған мәселені елемеушілік жатқаны айдан анық. Бүгінде белең алған жезөкшелік, кәмелетке толмаған балаларды зорлайтын педофилдік, ер мен ерлердің жақындасатын гомосексуалдық деген дерттері – бәрі осы бейберекет жыныс жақындығынан пайда болуда.

 

Веда өркениетіндегі некесіздік анты

Ежелгі веда өркениетінде некесіздік анты деген түсінік болған, оның мәнісі – кәмелеттік жасқа толған бозбала ұстаз алдындағы білім алуды аяқтаған соң, ары қарай рухани білім алып, рухани жағынан биіктерге жету үшін отбасылық өмірден бас тартып, некесіздік антын қабылдаған. Ондай адамдар өмір бойы отбасы құрмай, әйел атаулыдан аулақ – бар уақытын Құдайға құлшылық етумен өткізген.

Бұндай тәркі етушілік – христиан, буддизм және индуизм діндерінде де бар. Христиан монахтары өле өлгенше үйленбей, бар өмірін шіркеуде Құдайға құлшылық етумен өткізетін болған. Ислам дінінде некесіздік анты болмаса да, сопылық мектептерде пірге қол тапсырған шәкірт біраз жылдар дүниені тәркі етіп, Аллаға құлшылық етеді. Қожа Ахмет Яссауи бабамыз 63 жасында өз еркімен жер астына – қылуетке түсіп, дүниені тәркі етіп, бар өмірін Аллаға құлшылыққа бағыштады.

Дәстүрлі діндердегі некесіздік антының астарында не бар? Ең алдымен, некесіздік антын қабылдаған ер адам әйелден аулақ болып, бар уақытын Құдайға құлшылық етуге арнағандықтан, ақырындап нәпсісін тыйып, зердесі күшейеді. Осы арқылы ол енді рухани жағынан тез алға басып, дамиды. Бұл – некесіздік анты әкелетін рухани жетістік.

Ал веда ілімінің бір саласы болып табылатын аюрведа – жыныс жақындығынан бас тарту арқылы ер адамдар өздірінің зердесін жедел дамытады дейді. Аюрведа ғылымы бойынша, адам ішіп-жеген тағам алты түрлі өзгерістен өткен соң шәһуатқа, яғни ер адамның ұрығына айналады. Неке шеңберіндегі жыныс жақындығы бола ма, бейберекет жақындық бола ма, жыныс жақындығына түскен ер адам ұрығын, яғни шәһуатын қысқа мерзімді ләззат алуға жұмсайды.

Жетінші деңгейде шәһуатқа айналған тамақ арқылы адамға берілетін қуат 8-ші өзгеріске жеткенде – бүгінгі ғылым иммундық қуат атап жүрген қуатқа айналады. Ол қуат адамды түрлі дерттерден қорғайды, жастығын сақтап, өмір жасының ұсақ болуын қамтамасыз етеді. Бұл – иммандық қуаттың материалдық қызметі. Оның екінші қызметі – мидың рухани дамуға жауап беретін нәзік талшықтарын қоректендіреді.

Бейберекет жыныс жақындығына баратын ер адамдар тамақ арқылы шәһуатқа айналған қуатын түгел соған сарып қылып, мидың нәзік талшықтары қоректенбегендіктен, қатып-семіп өліп қалады да, рухани даму тоқталады. Әдетте ондай адамдарды діни шарттар, рухани білім еш қызықтырмайды. Ондайлар дөрекі болып келеді, ақырындап топастана түседі.

Егер мына өмірге ақылмен байыптап қарасаңыз, кез-келген жетістікке белгілі бір нәрсені құрбандық ету арқылы жетуге болдатынын бағамдар едіңіз. Мәселен, спортшы биік нәтижеге жету үшін көп уақытын, күш-қуатын сарып қылып, өзін шынықтырады. Сол сияқты, бизнесте нәтижеге жеткісі келетін адам бар уақыты мен қуатын жеке кәсібін дамытуға жұмсауына тура келеді.

Рухани жағынан дамып, зердеңізді жетілдірмек болсаңыз, онда жыныс жақындығынан бас тартуға тура келмек. Тән рахатын да аламын, рухани жағынан дамып, бақи дүниенің қызығын да табамын деген пенде қателеседі және шын мәнінде өзін өзі алдаушы болады. Бүгінде бұл ислам дініндегі дін жолын ұстана жүріп, көп әйел алушылықты насихаттайтын имам-молдалардың әрекеттерінен анық байқалады. Жоғарыда атап өткеніміздей, көп әйел алған имам-молда дін жолын қанша ұстанғанымен, рухани жығынан дамый алмайды. Өйткені, рухани дамуға ықпал ететін иммундық қуат жоқтықтан, мидың нәзік талшықтары семіп қалады және рухани жағынан дамымайды. Бұл – ғылыми дәлелденген шындық.

 

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста