Дода деп ағылшын футболын айт

Дода деп ағылшын футболын айт

Футболдан Англия чемпионатында бірнеше топ бар деп естідім. Жалпы, ағылшын чемпионатында неше команда бар?
Әлібек САДАҚБАЕВ,
Ақтау қаласы
Ағылшын чемпионатында неше коман­да бар екендігін дөп басып айту қиын. Шетелдік басылымдарға сенсек, ағылшын чемпионатындағы лигалардың саны 140-тан асып түседі. Бұл лигалар бірнеше дивизионға тармақталады. Олардың жал­пы саны 480-нен асып жығылады. Ағыл­шын чемпионатына қатысатын коман­далардың саны жыл сайын өзгеріп оты­рады. Орта есеппен «әр дивизионда 15 команда бар» деп есептегеннің өзінде, Англиядағы клубтардың саны 7000-нан әлдеқайда асып түседі. Ағылшын футбол лигалары жүйесінің ұшар басында премьер-лига тұр. Мұнда өздеріңізге белгілі, 20 команда бақ сынайды. Олар­дың сапында төрткүл дүниенің ең үздік футболшылары ойнайды. Әрі көбі­сінің акцияларын шетелдік миллиар­дерлер сатып алған. Бұдан кейінгі топ «футбол лигасының чемпионаты» деп аталады. 24 команда өнер көрсететін бұл топ 2004 жылға дейін «бірінші дивизион» деп аталып келген. Бұдан кейінгі топтар «бірінші футбол лигасы», «екінші футбол лигасы» және «ұлттық конференция» деп аталады. Бұлардың әрқайсысында 24 команда ойнайды. Бұдан кейінгі лигалар бірнеше дивизионға тармақталып, жал­ғаса береді. Ал бізде, Қазақстанда ресми түрде үш-ақ топ бар...
Жалпы, Англия чемпионаты әлемдегі ең егде футбол лигасы болып саналады. Тұманды Альбиондағы ең бірінші чемпионат 1888 жылы өткен. Алғашқы додаға 12 команда қатысып, «Престон» деген команда чемпион атанған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста