Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Көктем айларында адамдардың авитаминозға шалдығуы жиілейді екен. Авитаминоз адам денсаулығына қаншалықты қауіпті, оның белгілері және алдын алу жолдары қандай?
Гүлмира Ахметова,
Қарағанды облысы

Алатау аудандық МСЭҚБ тағам нысандарын қадағалау бөлімінің жетекші маманы Салтанат БӨПЕЖАНОВА:
– Дәрумендер – адам ағзасы үшін қажет, химиялық структурасы әртүрлі биологиялық белсенді заттар. Олар адам ағзасына күнделікті тұтынатын тағамдардан беріледі. Дәрумен жетіспеушілігі – құнарсыз тағамдармен тамақтанудан туындайды. Оның салдары адам ағзасының қартаю процесін жылдамдатады, әртүрлі ауруға шалдығу қаупін күшейтеді. Адам ағзасы тағамдармен бірге үнемі дәрумендерді қажет етеді. Дәрумендердің ағзаға тәуліктік қажет нормадан аз түсуі гиповитаминозға шалдықтырады.

Гиповитаминоз бен авитаминоздың көктем айларында көптеп кездесуінің басты себебі адамдардың қыс мезгілінде көкөністі, жеміс-жидекті мөлшерінен аз пайдалануынан орын алады. Авитаминоз дәрумендердің жетіспеушілігінен ғана емес, кейде ағзаның дәрумендерді табиғи, физиологиялық, психологиялық және тағы басқа да факторларға байланысты көп қажет етуінің салдарынан да туындайды. Мысалы, ауа температурасының жоғары немесе төмен болуы, ауыр, қауіпті жұмыстар атқару, жүйкенің жұқаруы, күйзеліске ұшырау мен әйелдердің жүктілік және бала емізу кезінде.

Сонымен қатар авитаминоз салдарынан адам ағзасында зат алмасу процесі бұзылып, иммунитет төмендейді, адам әртүрлі созылмалы және жұқпалы ауруларға шалдығуы мүмкін. Авитаминоз белгілері: ұйқышылдық, үнемі шаршап жүру, безеудің пайда болуы, көру қабілетінің төмендеуі, шаштың түсуі, ашуланшақтық, тырнақтың сынуы және т.б.

Ескерте кетер жайт – дәрумендердің адам денсаулығының басты кепілі екендігін қашанда жадыңызда сақтағаныңыз абзал. Сондықтан авитаминоздың алдын алу үшін әркез дұрыс тамақтанып, көкөніс, жеміс-жидекті жиі пайдаланып, дәрігерлік тексеруден өтіп тұрған дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста