Дұрыс жыныстық қатынас турасында
Лавров Юрий Васильевич, Жоғары категориядағы медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер уролог:
Дұрыс жыныстық қатынас тұрғысына келер болсақ, бұл кезде тәрбие үлкен рөлге ие. Яғни, жыныстық тәрбиенің дұрыс берілуі. Балалар жыныстық тәрбиені көшеден емес, отбасыдан алғаны, ал сол жайлы ақпаратты ата-анасының естігені жөн деп білемін.
Сонымен қатар, қазіргі таңда газет, журнал, телебағдарламаларда да аталмыш тақырып өзекті, ауқымды таралуда. Яки, ер жетіп, бой жетіп келе жатқан шақтарында жыныстық тәрбие берілуі керек, олар осы кезден біліп-көргені жөн.
Жыныстық қатынастың ерте болмауы, сақтану, ісіну, қабыну, ұрықсыздық аурулары жайлы ақпарат берілгені, топтап келгенде, сол кезден бастап дұрыс жыныстық қатынас туралы мағлұмат алғаны дұрыс.
Жыныстық қатынастың ерте басталғаны әрдайым қауіпсіз бола бермейді. Кейбір жағдайларда бозбала жігіт дұрыс жыныстық қатынасқа дайын болмайды. Оның салдарынан жыныстық қатынас арқылы берілетін ауруға тап болып жатады.
Ал жыныстық қатынасқа алғаш түсіп жатқан жас бала сақтану керектігін біле бермейді, ЖЖБИ ,АҚТҚ (СПИД, ВИЧ) сынды жыныстық аурулардың жиілеп бара жатқан біздің бүгінгі заманда міндетті түрде сақтану, жыныстық қатынасқа түскенде басты негізде болу керек.
Қорғаныс құралдарын қолдану жыныстық қатынаста өте маңызды екенін білуі қажет, онымен бірге ата-ана тарапынан айтылуға тиіс жайт. Және ешқандай ауруларға тап болмай, жыныстық қатынас дұрыс болуы үшін қатынасқа түсетін серіктесіңіз тұрақты болғаны, кездейсоқ адаммен жыныстық қатынасқа түсе бермеуі керегін білгені жақсы.
Ең жақсысы, жыныстық қатынасқа түсер алдында сәйкесінше мамандарға, қыздар гинекологқа, жігіттер урологқа барып, тексеріліп алғаны жөн. Яки, бұл жыныстық аурулардың алдын-алу мақсатында іске асырылады. Өйткені, жыныстық қатынастың дұрыс болмауынан қабыну болып, простотит, везукулит, белсіздік (бедеу болу) секілді ауруларға алып келеді.
Сондықтан, жыныстық қатынас екі жақтың да таза, дені сау қалпы арқылы дұрыс бағытта жүзеге асады. Бұл еркектерге ғана емес, әйелдерге де қатысты әңгіме.