Егер ер адам әйелдің махаббатын сезсе, өзін күштірек, қуатты сезінеді

Егер ер адам әйелдің махаббатын сезсе, өзін күштірек, қуатты сезінеді

  Еркектің мәртебесі тек әйелдің сүйіспеншілігімен өседі. Ер адамның өмірінде мәртебесін өсіре алатын екі әйел бар: анасы мен әйелі. Егер еркектің мәртебесі өспесе, махаббатсыз қалғаны.


Осы адамдардың бәріне не керек? Дұрыс: даму, жетілу, көкжиекті кеңейту. Күнделікті адам өмірінің дамуы бір мәртебеден екіншісіне өтуімен бағаланып жатады.

Мысалы, оқушы студент болғысы келеді, студент – бай болғысы, бай – тарихта атын қалдырғысы келеді. Бойжеткен тұрмысқа шығуды армандайды, әйел – бала-шағасы мен ерін бақытты еткісі, өзінің бақытты екенін сезгісі келеді. Мәртебені өсіру үшін ресурс керек, қолдау қажет. Қолдауды кім береді? Сенетін адам, сүйетін адам. Егер бір жұп ұзақ уақыт бойы бір деңгейде өмір сүрсе, жоғары мәртебеге қол жеткізе алмаса, мәселен, үйін үлкейткісі келіп, ақша жинаймыз деп жоспарлап, сол жоспары іске аспай қалса, яғни, сол үйдің нан тапқыш, мал табар еріне – күш-қуат жетіспейді деген сөз. Мұндай еркек қолдауға мұқтаж. Қолдауды ол тек өзіне риясыз сенетін әйелден алады. Әйел ерін қандай мықтысың, сенің қолыңнан бәрі келеді дегенге сендіре білуі тиіс.
Жалпы өмірде еркектер әйелден мықты емес. Қасындағы әйелі оған мықты болуға мүмкіндік бергенде ғана еркек күшті бола бастайды.
Әйел еркектен әлсіз емес. Бірақ әйел еріне өз ғаламының шексіз, зерттелмеген кеңістігіне саяхаттауға мүмкіндік беру арқылы оның қаһарман болуына жол ашады.
Әйел ер адамды өзіне қызықсын, ынтықсын деп қуаттандырады. Әйел қуатын уақыт бөлумен, махаббатымен береді. Егер ер адам әйелдің махаббатын сезсе, өзін күштірек, қуатты сезінеді. Өз мәртебесін өсіре алады. Сол мәртебені әйеліне (немесе анасына) беру үшін. Әйелдің сүйіспеншілігі сарқылған кезде еркектің мәртебесі өспей қалады. Еркекке мал таппадың деп ұрыса беруге болар еді. Бірақ мәселенің бәрі еріне сүйіспеншілігін көрсете білмейтін әйелдің ниетінде екенін де ұмытпау керек.


Марк Ифраимов
Аударған Шынар Әбілдә

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста