Елебеков жайында не білеміз?

Елебеков жайында не білеміз?

Қазіргі танымал өнер жұлдыздарының басым көпшілігі Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы оқу орнында оқыған. Осы оқу орнының қысқаша тарихы мен Ж. Елебеков туралы білгім келеді.
Мұхтар Тәңірбергенұлы,
Орал қаласы

Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі 1965 жылы Алматыда «Қазақконцерттің» жанынан құрылған. Алғашқы кезде ол Эстрада және цирк өнері студиясы деп аталды. 1967 жылдан бастап өмірінің соңына дейін осында ұстаздық қызмет жасаған әнші Жүсіпбек Елебековтің есімімен 1995 жылы Ж. Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері колледжі болып, кейін республикалық мәртебеге ие болды. Эстрада  және цирк өнері әртістерін даярлайтын осы өнер ордасы түлектерінің арасынан Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, Нағима Есқалиева, Сәуле Жанпейісова, Бағдат Сәмединова, Айжан Нұрмағамбетова, Балтабек пен Раиса Жұмағұловтар сынды көптеген қазақ өнерінің белгілі өнер майталмандары шықты.
Дәстүрлі ән мектебінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық әртісі Жүсіпбек Елебеков Қарағанды облысында туған. Ол бес жасынан-ақ ән айтуды бастаған. Кейін Ғ. Айтбаевтан, Қ. Байжановтан, Ә. Қашаубаевтардан дәріс алды. Елебеков музыкалық фольклордың талантты насихаттаушысы болып табылады. 1931-1935 жылдары Жүсіпбек Елебеков Қазақ драма театрында әртіс болып жұмыс істеген. Онда ол тек әншілік қырынан көрініп қана қоймай, көптеген есте қаларлық драмалық және опералық кейіпкерлер бейнесін жасайды. «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясында – Әлібек, «Еңлік-Кебекте» – Жапал, алғашқы қазақ операсы «Қыз Жібекте» Төлеген рөлін сомдаған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста