Электронды кітаптың зияны бар ма?

Электронды кітаптың зияны бар ма?

Интернет дамығалы бері адамдар өздеріне керекті дүниелерді электронды кітаптар және оқулықтардан оңай жолмен тауып, оқуға мүмкіндік алдық. Алайда электронды кітаптарды оқудың пайдасымен қатар зияны да бар дейді. Осыны нақтылып бере аласыздар ма?
Арай,
студент

Біріншіден, электронды оқулық ақылы. Ғаламторды пайдалануға төленген ақшаңыз бен алтын уақытыңызды тиімді пайдалану үшін кітапты немесе қажетті материалдарды тым асығыс оқисыз, түсінбей қалған тұсты қайта-қайта қарауға мұршаңыз болмайды.

Екіншіден, электронды кітаптарды көбіне компьютер арқылы оқитындығыңыздан, монитор алдында өткізген ұзақ уақытыңыз денсаулығыңызға да зиян. Бұл әсіресе көзіңізге теріс әсер ететіні сөзсіз.

Үшіншіден, электронды кітаптан оқыған дүниеңіз тез ұмытылады. Керек дүниеңізді компьютерден көшіріп алғанның өзінде, оның әсері кәдімгі кітап оқығандай болмайды. Сондықтан  да, электронды кітаптарды пайдаланудың тиімді жолдарының бірі мыналар:

Электронды кітаптың жазбаша нұсқасын принтерден шығарып алып оқыңыз. Өйткені принтерден шығарып алған нұсқаны қашан, қайда және қалай оқысаңыз да еркіңізде. Ұқпаған жеріңізді бірнеше мәрте оқып, қажет те маңызды тұстарына ерекшелеп белгі қоя аласыз. Бұл интернеттегі сағаттарыңыз үшін төленетін ақшаны үнемдеуге септігін тигізеді.Сондай-ақ компьютер алдында ұзақ отырып, көзіңіздің, тұла бойыңыздың шаршауына жол бермейсіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста