Еңбек демалысын декреттік демалыс алдында алуға бола ма?

Еңбек демалысын декреттік демалыс алдында алуға бола ма?

Мен мемлекеттік мекемеде төрт жылдан бері қызмет жасап келемін. Алла қаласа, ақпан айында жүктілікке байланысты декреттік демалысқа шыққалы отырмын. Менің білгім келгені, еңбек демалысын тек декреттік демалыстан кейін алуым керек пе, жоқ әлде қаңтар айында еңбек демалысын алуға құқым бар ма?
Фатима СҰЛТАНОВА,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманы­ның мәлі­метінше, ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ко­декс) 192-бабына сәйкес, әйелге қалауы бойын­­ша жүктiлiкке және босануға байла­нысты демалыстың алдында немесе тiкелей одан кейiн не балаға күтiм жасауға арналған демалыс бiткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
Кодекстің 104-бабына сәйкес, жыл сайын­ғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс өтіліне:
1) нақты жұмыс iстелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бi­рақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жа­лақы­сы толық немесе iшiнара сақталған уа­қыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жа­рам­сыз­дығына байланысты нақты жұмыс iсте­меген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну ал­дын­да нақты жұмыс iстемеген уақыт қо­сы­лады.
Жүктiлiкке және босануға байланысты дема­лыс кезеңі жыл сайынғы ақылы еңбек дем­алысына құқық беретiн жұмыс өтіліне кіреді.
Еңбек демалысының ұзақтығы жыл сайын­ғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс өтіліне үйлесімді есепте­леді.
Сонымен бірге, кодекстің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұста­ла­тын азаматтық қызметшiлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы лауа­зымдық жалақы­сы мөлшерiнде сауық­тыруға арналған жәрде­мақы төлене отырып берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға ар­налған жәр­дем­ақы күн­тiзбелiк жылда бiр рет төленедi.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста