Еңбек келісімшарты ұзартылғанда, бұйрық шығарыла ма?

Еңбек келісімшарты ұзартылғанда, бұйрық шығарыла ма?

Мен жеке кәсіпорында жұмыс істеймін. Осы жылдың мамыр айында еңбек келісімшартымның мерзімі аяқталады. Еңбек шарты ұзартылғанда, кәсіпорын бұйрық шығаруы керек пе, жоқ әлде шартты бұзу туралы өтініш жазбаған жағдайда еңбек келісімшарты одан әрі жалғаса бере ме?
Еркін ТОҚАШБАЕВ,
Алматы облысы

Сарапшы мамандардың айтуына қарағанда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 29-бабы 2-тармағының нормаларына сәйкес, бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Жалпы, ереже бойынша, еңбек шартының ұзартылғаны жөнінде жұмыс берушінің актісі (бұйрық) шығарылады және қызметкердің еңбек кітапшасына тиісті жазбалар енгізіледі. Кодекстің 32-бабына сәйкес, еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасалады және оған тараптардың қолдары қойылады. Еңбек шарты бір-бір данадан қызметкер мен жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша нысанда расталады. Еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен жазбаша нысанда жүзеге асырады. Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы ұсынысты тараптардың бірі жазбаша нысанда береді және екінші тарап оны берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста