Еңбек өтілін қандай құжаттар растайды?

Еңбек кітапшамды жоғалтып алған едім. Зейнетке шығатын уақытым тақап қалды, өз еңбек өтілімді қалай анықтауыма болады?
Гүлжан, Аягөз қаласы
Еңбек өтілін мынандай құжаттар растай алады:
1.Еңбек кітапшасы;
2.Жұмысыңыздың басталуы мен аяқталу мерзімі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек келісімшарты;
3.Жұмыс берушінің қызметке қабылдап және шығарған күнді тіркеген актісі бойынша жазылған анықтама;
4. Жұмысшы жалақысын тіркеген ведомство мәліметінен алынған анықтама;
5. Жұмыс беруші қол қойып, мөр басқан қызметкерлер тізімі (жұмысшының еңбек ету барысы көрсетілген);
6.Жұмысшының еңбек қызметі туралы мәліметті құрайтын мұрағат анықтамасы, жалпы қызметкерлердің жеке құжаты компания мұрағатында 75 жылға дейін сақталуы тиіс.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу