Еңбек шарты қандай мерзімге жасалады?

Еңбек шарты қандай мерзімге жасалады?

Еңбек кодексінде белгілі мерзімге немесе белгіленбеген мерзімге шарт жасасу деген ұғым бар. Осылардың айырмашылығын білгім келеді?

Тағамұрат Ермұратов, Қызылорда облысы

Сарапшы мамандардың айтуынша, еңбек шартында, ең алдымен, қызметкердің қанша мерзімге жұмысқа алынатыны көрсетілуі тиіс. Еңбек шарттарының мерзімдері ҚР Еңбек кодексінің 29-бабында қарастырылған. Бұл бапқа сәйкес, Еңбек шарты: 1) белгіленбеген мерзімге; 2) осы баптың 1-тармағының 3, 4 және 5-тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін. Бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке Еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде Еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір мерзімге жасауға тыйым салынады. Егер Еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі; 3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына; 4) жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына; 5) маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін. Егер Еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, онда шарт белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста