Ер азаматтың сезімін тұрақты ете алатын 9 ереже
Ғашықтық сезімі үш жыл өмір сүреді. Алайда қызығушылық пен құмарлық бақытты одаққа ұласуы мүмкін. Осы орайда мамандар ер азаматпен қарым-қатынасты берік әрі ұзақ сақтаудың жолдарын ұсынды деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
Ер азаматтың махаббатын берік ететін, қарым-қатынасты тұрақты сақтап тұруға көмектесетін ережелер қандай?
1. Оның анасына айналмаңыз
Әйелдер әсіресе бала туғаннан кейін "әйел-ана" рөліне кіріп кетеді. Аналық махаббат, қамқорлық табиғаттан берілген қасиет. Десе де, ер адамға деген махаббат - бөлек түсінік. Оның өз анасы бар. Ал сізді ол сүйікті әйелі, жары деп біледі.
2. Ол үшін шешім қабылдамаңыз
Еріңіз өздігінен шешім қабылдауға қауқары бар ересек адам. Ол өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезінуі тиіс. Сүйіктіңіздің орнын басып, ол үшін шешім қабылдайтын болсаңыз, арты жақсылыққа апармасы анық.
3. Өз-өзіңізді күтіңіз
Біріншіден, сырт келбетіңіз сіздің өзіңізге және сүйіктіңізге деген көзқарасыңыздың көрсеткіші. Екіншіден, егер сіз көзге жағымды, жинақы көрінсеңіз, еріңіз өзге ер адамдардың жанында сізге мақтанышпен қарайтын болады.
4. Тәуелділікке жол бермеңіз
Сіз еріңізбен 24 сағат бірге болғыңыз келеді. Ал бір күн көріспей қалсаңыздар көңіліңіз түсіп кете ме? Бұл жерде әңгіме тәуелділік пен өз-өзіне деген сенімділікте болып тұр. Ойланып көріңізші, өзіңіз сізге кенедей жабысқан адаммен бірге болғыңыз келер ме еді?
5. Дербес болыңыз
Ер азаматыңыз ұнатпаса да, өзіңіздің жаныңызға жақын дүниелерден, мақсаттардан бас тартпаңыз. Өз-өзіңізді дамытуды тоқтатпаңыз. Дербес тұлға болып қалыптасуға ұмтылыңыз.
6. Қызғаныш сезімін тудырмаңыз
Ол сізге бұрынғыдай көңіл бөліп, аяқ асты сезімін білдіруді қойды ма? Өткенді қайтару үшін қызғаныш сезімін тудырудың қажеті жоқ. Себебі мұндай қылық еркектің өз-өзіне деген сенімсіздігіне әкеп соғады.
7. Жанжалдан қорықпаңыз
Жанжалдар - қарым-қатынастағы қалыпты жағдай. Бұл іштегі ренішті шығармай, бүгіп, өз-өзіңді жегідей жегеннен әлдеқайда жақсы. Кез келген жанжалды төсек қатынасымен шешуге болмайды. Себебі төсекте қосылу үшін әркез бет жыртысуларыңыз мүмкін.
8. Өз-өзіңізге көңіліңіз толсын
Өз-өзіңізге ұнамайтын қылықтар жасамауға тырысыңыз. Жағымсыз жағдайлардан шығудың жағымды жолдарын іздестіріңіз. Мүмкін сіз ішіңіздегі ашуды басу үшін тәтті тағамға тапсырыс берерсіз немесе шулы жерге барып, демалып қайтарсыз.
9. Нәзік болып қалыңыз
Тартымдылығыңызды сақтап қалуға тырысыңыз. Өз-өзіңізбен жұмыс істеп, сөреңізде тұрған мультфильм кейіпкерлері бейнеленген іш киімдерді лақтырыңыз.