Еркектердің жыныстық қатынастағы 5 басты қорқынышы
Ер адамдар қаншалықты батыр болса да, қорқыныш сезімінен жұрдай емес екен. Бүгін біз олардың жыныстық қатынас кезінде неден қорқатынын анықтап көрейік.
Сәтсіздікке ұшырау
Жынысты қатынастың сәтсіздікке ұшырауы - ер адамдардың ең басты қорқынышы. Әдетте, барлық еркектердің тәжірибесінде сәтсіз аяқталған секс бар. Дәл сол есте қалған жайтты олар әрбір төсек қатынасының алдында есіне түсіретін көрінеді. Нәзік жанның көзінше қасықтап жинаған абройын шелектеп төгіп алу қорқынышы жыныстық қатынасқа мүлдем түспеуге алып келуі де мүмкін.
Тез аяқтау
Оргазм сезіну әр адамда әр түрлі. Кейбір еркектер тез оргазм алса, енді бірілерін одан ұзақтау уақыт қажет. Әдетте, ер адам өзінің оргазм алу ерекшелігімен жақсы таныс. Бірақ, сонда да ерте аяқтау қорқынышы екі еркектің бірінде болатыны сөзсіз. Ондай кезде оған жылы-жылы сөз айтып, біраз уақыттан кейін қайталауды сұрауға болады.
Әйелдің көңілінен шықпау
Бұл қорқыныштың басты себебі - әйелге деген асыра қызығушылық сезім. Ондай кезде еркектер әйелге оргазм сыйлауды ғана ойлайды. Ойдың бәрі сол мәселенің төңірегінде шоғырланады. Сондай-ақ, ер адам өзіне сенімсіз болуы мүмкін. «Мен еркек болып, қалайша әйелге ләззат сыйлай алмаймын» деген ойлар дәл осы қорқыныш сезімін тудырады.
Жауапкершіліктен қорқу
Жыныстық қатынасқа түсуден қашқалақтап жүретін еркектер жауапкершіліктен қорқуы мүмкін. Көбінесе әйел адамдар жыныстық қатынасқа тек болашақ жарымен ғана түсетіндіктен, отбасылы болуға дайын емес еркек ала тонын алып қашады. Артық жауапкершеліктің қажеті қанша?
Бәсекелестік
Әрбір ер адам өзге еркектермен салыстырғанда бірінші болғысы келеді: жұмыста да, спортта да, басқа да әлеуметтік салаларда да. Бірақ жыныстық қатынаста бәсекелестік онша көп емес болғандықтан, бұл сала - оның әлсіз жері. Төсекте тек оның өзіне деген сенімділігі ғана емес, сонымен қатар ұрпақ жалғастыру мүмкіндігі де сыналады.