“Еркектің қойнында құт бар”. Құралай ханым әйелдерге үндеу тастады (видео)

“Еркектің қойнында құт бар”. Құралай ханым әйелдерге үндеу тастады (видео)

Танымал психолог Құралай ханым әлеуметтік желіде ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы туралы пікірін жариялады. Оның айтуынша, күйеуі мен әйелі құшақтасқанда ғана отбасыға береке кіреді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Facebook желісінде пайда болған бейнежазбада Құралай ханым әйелдерге ақыл-кеңесін айтып жатыр. Онда ол ерлі-зайыптылардың құшақтасу арқылы бірін бірі емдейтіні және отбасының экономикасына жақындасудың пайдасы орасан зор екенін айтады.

 

"Күйеуіңіздің қасына жақындағанда Алла Тағала екеуіңізді бір энергетикалық жіппен орайды. Егер теріс қарап жатсаңыздар орталарыңызға шайтан жатып алады. Ол деген сондай оңбаған, араңызға бүкіл қарызды, ауруды салып, берекеңізді алып кетеді. Бұл бірінші сіздің қалтаңызға тиімсіз. Басқасы былай тұрсын, ақшаны айтайын сіздерге. Күйеуіңіздің қойнында жатыңыздар. Ол жерде береке бар", — деді Құралай ханым.

 

 

Ал желі қолданушылары психологтың бұл сөзіне.

"Ата-енең, әке-шешең, бауырларың көріп отыр. Ұят қайда, төсек әңгімесі әркімнің жеке құпиясы емес пе? Күйеуіңнің де басы істемейді екен осындай әңгімеге рұқсат берген", "Енді сол қалып еді. Ақылды адамдар жеке өмірін жария қылмайды. Қалай жатуды жария қылу ұят нәрсе" "Дұрыс айтады сөзінің жаны бар" , — деп түрлі пікір қалдырған.

 

Бұған дейін несиеден құтылудың "ерекше" тәсілін ұсынған Құралай ханым туралы Express Qazaqstan жазған еді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста