Ерлердің қуатын азайтатын азық түрлерін білесіз бе?
Әлемнің үздік ғалымдары біріге ұйымдастырған зерттеу жұмыстары барысында ерлердің эрекциясын одан бетер өрбіте түсетін азық-түлік түрлері анықталды. Зиянды азықтарды күнделікті тұрмысында пайдалануды қойған ер азаматтардың денсаулығы жақсы жаққа қарай өзгерген деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Кез келген ер адам эрекция проблемасының ешқашан туындамағанын қалайды. Алайда, жас өсе келе ер азаматтар денсаулығын тұрақты қалыпта сақтай алмай жатататыны да бар. Оған біріншіден дұрыс тамақтанбау елеулі түрде әсер етеді.
Мамандардың зерттеу жұмыстары негізінде еркектер эрекциясын өршіте түсетін азық-түліктер түрін анықтады.
Ерлер үшін зиянды азық тізімінде бірінші болып сыра тұр. Ол адам организміндегі гормоналды тұрақтылықты бұзып тастайды. Сыра кесірінен пайда болған қарын тестостерон тапшылығы мен әйелдік гормонның көбеюіне себепкер болады.
Эрекцияны ушықтыруға фаст-фудтың да үлкен септігі тиеді. Ол жалпы ерлер гормонының жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Ал кофеин болса тестостерон мөлшерін азайтып, керісінше эстроген өршуіне әкеп соқтырады.
Сондай-ақ, зерттеу кезінде қақталған шұжық құрамындағы қақталған сұйықтық ерлердің жыныс мүшелер зақымдауға қауқарлы екені дәлелденді.
Оған қоса, ұрықтылық қабілетінің артуы үшін күніге 50 грамм тәтті шоколад жеп тұру керек дейді мамандар.
Ғалымдардың айтуынша, ер адамдар қауымы үшін құрамында холестерин, соя, тұз және газы көп азық-түліктерден бас тартқан жөн. Сонымен қатар, мамандар бір тәулікте кемінде бір литр сиыр сүтін ішіп тұрған пайдалы екенін де ескеріп кетті.
Ал темекі мен ішімдікті тастап, спортпен белсенді түрде шұғылданған ер азаматтар қай жаста болмасын эрекция проблемасы мазаламасы анық.