Ерлі-зайыптылардың өзара түсіністік құпиясы ашылды
Ерлі-зайыптылар жақсы көңіл-күйде жүргенде бір-бірінің жан толғанысын жақсы сезе алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Family Process ғылыми журналына сілтеме жасап.
Отбасылық психолог Кристина Д.Курностың пікірінше, жақсы көңіл-күй адамдардың қарым-қатынасына оңды әсер етеді. Жеке қарым-қатынасқа қатысы жоқ жағымсыз эмоцияның өзі жұбайлардың өзара түсіністігіне кері әсерін тигізеді.
Бұл кез-келген адамдардың қарым-қатынасы үшін маңызды, бірақ ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы үшін аса маңызды нәрсе. Психологтың пікірінше, жағымсыз эмоциялар жұбайлардың қарым-қатынасын күрделендіріп жіберумен шектеліп қалмай, біржола бір-бірінен алыстатып жіберуі мүмкін. Жұбайыңның жақсы көңіл-күйде жүргенін сезу оңай, ал қайғырып немесе мұңайып жүргенін түсіну оңай емес.
Өмірлік серігіңіз жағымсыз эмоцияда жүргеніңізді тұспалдап білгенімен, бірден жүрегімен сезе алмайды. Сол үшін пспихолог ерлі-зайыптыларға сирек ашуланып, бір-бірінің көңіл-күйін жиірек бақылай білуге кеңес береді. Егер жан жарыңыз көңілсіз күйде жүрсе, оны түсінуге тырысып, көмек көрсетуге ұмтылыңыз.