Еш дайындықсыз төсек ханшайымы болудың 10 тәсілі
Әйелдердің күнделікті тіршілігі таусылмайды. Жұмыс, бала,үй, тамақ, әйтеуір, арқалағаны жүгі ауыр арулардың. Осылай жүріп жолдасыңызды қанағаттандыра алмай қалуыңыз әбден мүмкін. Бәрін тастап, бір сәт өзіңізді ойлайтын уақыт келді. Жарыңыздың құмары қанып, сіздің бейнеңіздің өзінен ләззат алу үшін төсек ханшайымы болудың тәсілдерін ұсынамыз.
Жыныстық қатынас - отбасының бірлігінің бір бөлігі. Және махаббаттың ұзақ ғұмырлы болуына да кепіл. Сондықтан да, еркегіңіз қалап тұратындай сексуальді ханшайым болатын кезіңіз келді сіздің. Осы тұрғыда қыз-келіншектерге сексолог маманның кеңесін ұсынып отырмыз.
1. Ұйықтар алдында сүйіктіңізге нәзік дауыспен, ақырын дыбыстап бірер сөз айтыңыз. Жыныстық қатынасқа қатысты болмай-ақ қойсын, жай ғана сөздер. Бұл тәсіл оны елең еткізбей қоймайды, тіпті, футболдың өзі әсер етпесі анық.
2. Душ немесе ванна қабылдап болғаннан кейін жатарға киетін киім киіп қажеті жоқ. Халат оранып алыңыз. Есесіне, еріңіздің қызығушылығын арттыра түсесіз.
3. Жүрісіңізді қадағалаңыз. Ал жүргенде нәзік әрі жамбасыңызды кішкене қимылдатып жүрсеңіз сексуалды көрінесіз. Иығыңызды түзу ұстасаңыз, сонда төсіңіз де әдемі көрінетін болады.
4. Оған тиісіңіз. Еркектердің осы тәсілін сіз де қолданып көрсеңіз артық етпейді. Сондықтан, барынша жылы қабақ ғана танытып қоймай, жай ғана жанынан өтіп бара жатып жылы қолдарыңызбен сипалаңыз, құшақтаңыз, шымшыңыз.
5. Өзіңізге лақап ат қойып алыңыз. Алдымен, адамның өзіне деген махаббаты жоғары болуы тиіс, сіз еркелетіп, өзіңізді-өзіңіз аялай түссеңіз, сексуалділігіңіз есейе түседі. Қызық па? Есесіне, пайдасы бар.
6. Еріңізді бірден еліктіретіндей жоспар ойлап табыңыз. Ара-қатынастарыңыз алыстап бара жатқанда аталмыш әдістің пайдасы айтарлықтай. Балаларды ұйықтатқаннан кейін түрлі ойындар ойнап, сексуальді ханшайым болыңыз.
7. Еркегіңіздің көзіне тура қараңыз. Жарының жалт еткен жанары жігіт атаулыны жай қалдырмаса керек.
8. Билеңіз. Ұялудың қажеті шамалы. Жыныстық қатынаста мұның бәрі болуы тиіс, ал еркегіңіздің есі кетіп, төсек ханшайымы болу өз қолыңызда.
9. Шашыңызды сәндемей көріңіз. Бір рет еркіндік беріңіз. Душтан шыққан күйіңізде сол таралмаған шашыңызбен, осы қалпыңызда бөлмеге барыңыз.
10. Ылғи еркелеңіз. Қылығыңызбен қызықтырып, сүйкімділігіңізбен сүйсіндіре біліңіз. Алғашқы танысқан кезіңідегідей көзіңізді төмен түсіріп, қолынан ұстап, жайлап жымия түсіңіз. Сол сәттегі нәзік әрі сүйкімді бала бейне қайта оралсын.
11. Боянбаңыз. Әр еркек аруының балғын болмысын ұнатады. Сонда ғана еркек көзімен қорғансыз бейкүнә періште іспеттессіз.
Мирошниченко Лариса Владимировна, сексолог-психолог