Ешқашан бағаңды білмес, бағаламас жерге басыңды сұқпа, қадіріңді білмес жандарға ренжіме
ӨСИЕТ!!!
Үлкен қария кісі өлер алдында ұлын шақырып:
-Мынау сағат маған сенің атаңнан қалған, шығу тарихы 200 жылдан ары өткен.
Бұл сағатты саған берер алдын, сен бұл сағатты зергерлік дүкеніне алып барып, сататыныңды айт. Қанша құн берерін айтарсың маған депті.
Ұлы зергерлік дүкеніне барып қайтыпты, әкесіне :
-Әке, зергерлік дүкеніне бардым, бұл сағат үшін 150 доллар ұсынды, сағат өте ескірген деп айтты депті.
Әкесі ұлына:
-Енді ұлым, бұл сағатты ломбардқа апарып сататыныңды айт, құнына не берер екен депті.
Ұлы ломбардқа сағатты апарып, әкесіне қайта келіп:
-Ломбард бұл сағат үшін 1000 доллар ұсынды, сағат өте ескі және тастары қарайған деп айтты депті.
Әкесі ұлына:
-Ұлым, енді сен музейге апарып көрші сағатты депті.
Ұлы сағатты музейге апарып қайта кеп, әкесіне:
-Әке музей бұл сағатты сатып алуға 500000 доллар ұсынды. Сағат өте сирек кездесетін тастардан құралған, музейіміз үшін таптырмас антиквар коллекция болар еді деді депті.
Әкесі:
-Ұлым,мен саған түсіндірмек болған жайтты ұғынған боларсың. Ешқашан бағаңды білмес, бағаламас жерге басыңды сұқпа, қадіріңді білмес жандарға ренжіме.
Өз бағаңды түсірме, жетістігіңе көз жұма қарайтындардың жанында қалма дегім келген депті.
Janar Yasymkhan
Фейсбуктегі парақшасынан