Эссе қалай жазылады?
Еліміздің кейбір жоғары оқу орындары талапкерлерді қабылдағанда эссе жазуды талап етеді екен. Оның жазылу көлемін білгім келеді.
Баян, оқушы
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai – тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды. Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан-жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту. Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін. Эссе жазу кезеңдерінде жазушы проблеманы анықтау, ойлану, жоспарлау, тексеру керек.