Есте ұстар 17 нақыл сөз

Есте ұстар 17 нақыл сөз

"Жақсы сөз - жарым ырыс". Ғасырлар қойнауынан қаймағы бұзылмай келе жатқан ана тіліміз нақыл сөздерге бай. Бүгін біз сіздерге соның бір парасын ұсынамыз.

1. Өзіңе жағымсыз істі өзгеге істеме.

2. Ешқандай жақсылық зая кетпейді.

3. Жақсы мен жаманның айырмасы сиыр мен жыланың айырмасындай. Біріншісі шөпті сүтке айналдырады, екіншісі сүтті уға айналдырады.

4. Кімде-кім ашуға ашумен жауап қайтармаса, екеуін де – өзін де, өзгені де құтқарады.

5. Адамды апатқа алып баратын тамұқтың үш дарбазасы мынау: жорық, ашу, ашкөздік.

6. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ ащы тілдің жарасы жазылмас.

7. Ертең істеуің керек нәрсені – бүгін істе, түстен кейін істеуің керек нәрсені – түске дейін істе. Өлім не істеп, не қойғаныңмен санаспайды.

8. Еңбектенген адамның қолына бақыт ұсы өзі келіп қонады. Қуыс кеуде жазғандар ғана: «Бәрі тағдырдан!» - дейді.

9. Дос – жаманшылықта, батыр – шайқаста, адал – қарызын қайтаруда, әйел – кедейлікте, туыс-туған – кемдік-тарлықта танылады.

10. Қандай істі болса да ойланбай қолға алма – даналықтың бірінші белгісі осы. Іске кіріскен екенсің, оны ақырына дейін жеткіз – даналықтың екінші белгісі осы.

11. Ерлі-зайыптылардың ісіне килікпе, әкесі мен баласының ісіне килікпе.

12. Тым дөрекі де, тым қиқар да, тым жұмсақ та, тым дәлелдеуге бейім де, тым шамкес те болма. Неде болса да артық нәрсе қауіпті: дөрекілік адамдарды абыржытады, қиқарлық безіндіреді жұмсақтақ жек көргізеді, артық дәлел ренжітеді.

13. Сараңды – ақшамен, тәкаппарды – өтінішпен, ақымақты – жорта қостаумен, дананы – шыншылдықпен жең.

14. Адамды ештеңе де ізгі сөздей серпілтпейді.

15. Тіпті жауың болса да жақсы жағына елікте, тіпті әке-шешең болса да жаман жағына еліктеме.

16. Ақылды бар уақытын өнер мен ғылымға жұмсайды, ақымақ кеселді іске, ұйқы мен айтыс-ерегіске жұмсайды.

17. Алдымен өзіңді-өзің, ал содан кейін барып жауларыңды жең.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста