Етеккір кезінде не жасауға болмайды?

Етеккір кезінде не жасауға болмайды?

Әйел адамына дүниеге бала әкелу деген ғажайып бақытты бұйыртқан, бірақ оның өтемін әр ай сайын өтеп тұру талап етіледі. Айлық белгі кезінде нені істеуге болмайды?

-Көптеген әйелдерде белгі келіп бастағанда ішінің төменгі бөлігі ауырып, тынышсызданады. Жайсыздық туындайды. Мұндайда тыныштандыратын препараттар қабылдауға бола ма?

Болады. Бірақ кейбір нәрселерді ескеру қажет. Қанның, қанайаналымның тежелуін, ұюын тудыратын аналгин, асперин қолдануға болмайды. Және өзіңіз диагноз қойып, дәріні өзіңіз тағайындамаңыз. Дәрігер кеңесімен ғана ішіңіз.

-Етеккір кезінде ағза өзгереді. Тіпті, оның дәріге деген әсері де өзгеше болады. Аллергия туындауы мүмкін. Егер өзіңіз дәрі қабылдаған соң басыңыз айналып, жүрегіңіз айныса, әлсіресеңіз, бірден ауруханаға барыңыз.

-Ыстық ванна қабылдауға болмайды. Неге? Ол қанайналымын жылдамдатып, қан өте көп мөлшерде бөлінуі мүмкін.

-Еттеккірдің құйып келуін, алкогольді ішімдіктер қабылдаудан кейін де байқауға болады.

-Сонымен қатар, бұл кезеңде белгілі бір тағамдарды жеуге тиым салынады. Олар: шоколад, ашытқыға дайындалған нан, тым ащы, тұзды тағамдар, қаймақ, жаңғақтар, жұмыртқа, кофе, шұжық. Бұл тағамдар бас ауруын, бас айналуын туындатуы мүмкін.

-Физикалық белсенді қозғалыс жасамаңыз. Ол сізді әлсіретіп, етеккірдің құйып келуіне әкеледі.

-Косметикалық процедуралардың кез келген түрі. Пилинг, мезотерапия, ерінді үлкейту, татуаж, ботокс т.б. Тіпті, шашыңызды боясаңыз да күткен нәтиже бермеуі мүмкін. Денсаулығыңызға да зиян келтіріп алуыңыз ғажап емес. Терімен байланысты нәрселердің барлығын бұл кезде жасамай-ақ қойыңыз. Өйткені тері сезімталдығы жоғары болады әрі аталған процедуралар тікелей қанға байланысты. Сондықтан бұл кездегі сұлулық үшін жасаған шығындарыңыз, желге ұшқанмен бірдей.

-Мұңды кітптар оқу, жылататын фильмдер көру, жақындарыңызбен, достарыңызбен ауыр тақырыпта әңгіме айту да денсаулығыңызға әсер етеді. Әсіресе цикл кезінде. Негативтен қашыңыз. 

qkz.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста