Фен-шуй арқылы ақшаны қалай көбейтуге болады
«Ақшаны қалай көбейтуге болады?», «Қалай бай адамдардың қатарына қосыламын?»… Бұл сұрақтар әрбір адамның санасын сан-саққа жүгіртіп жүр. Ал кейбір жандар оның жауабын табу үшін фен-шуй амалдарына сүйеніп жүргенге ұқсайды.
Оның қаншалықты орындалатыны, қалай өз пайдаңа шешуге болатыны әр адамның өзіне байланысты. Бірақ фен-шуйдің тәсілдерін қолданатындар оның міндетті түрде қаржыңызға әсер ететінін айтады. Ендеше бізде сізді сол амалдармен таныстырып көрейік, саралау сіздің еншіңізде болсын!
Ақша-бұл тек қағаз ақшалар мен тиындар ғана емес, сонымен бірге білгілі бір энергияның түрі. Сол энергия бойыңыздағы шешілмей жүрген мәселеге байланысты жабылып тұруыда мүмкін. Үнемі ақшаға байланысты қиындықтар туындай берсе, алдымен өз-өзіңізбен жұмыс істеу қажет.
Алдымен себебін білу үшін өзіңізге сұрақ қойыңыз, сосын оның жауаптары да өздігінен келе бастайды. Есте сақтайтын нәрсе, сұрақтарыңыздың саны көп болғаны жақсы. Содан кейін сол сұрақтарды қанағаттандыру үшін алдыңызға мақсат қойыңыз. Мысалы: «Ақшаны қалай табу керек?», «Қалай ақшалы болуға болады?», «Үнемі ақшам болу үшін не істеуім керек?» деген сынды сұрақтар болуы керек. Артынан бұл сауалдардың жауабы өздігінен табыла бастайды. Сосын олардың туындау себебін анықтап, шығу жолын қарастыра бастайсыз. Бірақ олардың барлығын міндетті түрде жазып отыру керек.
Әр күн сайын кіріс пен шығынды жазып отырыңыз.
Дәлме-дәл сомасы есіңізде болмаса, соған жақын соманы жазу керек. Ол үшін арнайы бір қойын дәптерін арнап қойыңыз. Тіпті компьютер мен телефондарда арнайы бағдарламалары да бар. Бұл неге керек десеңіз, ақша бақылауда болуы керек. Осы арқылы сіз ақшаны өзіңізге бір табан жақындатасыз.
Жүрген ортаңыз маңызды!
Адам қоршаған ортасына байланысты қалыптасады. Егер табысыңыздың көбеюуін қаласаңыз, табыс табуды білетін адамдардың жанында көбірек болуға тырысыңыз. Сонда сіз бен табысты адамдардың арасында энергия алмасады. Бірақ бай болу ақшаны көбейту ғана емес екенін ұғыңыз. Ақшамен бірге өзіңіздің де жеке қабілеттеріңізді арттырып отыруыңыз керек.
Әмияныңызға көңіл бөліңіз!
Сіз өз ақшаңызды салатын әмияныңызға көңіл бөлесіз бе? Оның түрі қандай? Ешқашан ақша бүктетіліп қалтаңызда жатпауы керек екен. Олар тәртіпті сүйеді сол себепті әмиянда рет-ретімен орналастырып қойыңыз. Өзіңізге әдемі әмиян сатып алыңыз, банк карталары оның сыртқы қалталарында орналасқаны дұрыс. Әмиян-ақшаның үйі, сондықтан ол тап-таза болуы керек! Тағы бір ескеретін дүние оның түсі сіздің туған жылыңыздың соңғы санымен үйлесуі керек.
0 және 1 — сары, ақ, сұр, алтын түстес, қоңыр;
2 және 3 — ақ, күміс түстес, сұр, қара, көк, көгілдір, алтын түстес;
4 және 5 — қара, көк, жасыл;
6 және 7 — жасыл, қызыл, алқызыл;
8 және 9 — қызыл, сары, қоңыр, ақ қызыл
«Ақшаның үйін» ешқашан ақшасыз қалдырмау керек. Ең құрығанда ішінде ұсақ тиындар болсын! Қажет емес қағаздарды, азық-түліктің чектерін ол жерде сақтамаңыз. Фен-шуй әмиянға суреттер салмауға кеңес береді.