Галстук ер адамның әлеуметтік мәртебесін білдірген...

Галстук ер адамның әлеуметтік мәртебесін білдірген...

Әдетте ерлер салтанатты шараларда, кейбіреуі тіпті күнделікті жұмыста да ең қажетті аксессуарларының бірі – галстукті тастамай тағып жүреді. Менің білгім келгені, галстук ең алғаш қашан, қай елде пайда болды? Еуропада ма, әлде Азия елдерінде ме?
Әйгерім ҚАЙРАТБЕКҚЫЗЫ,
Семей қаласы
Алдымен «галстук» атауының шығу те­гіне аз-кем тоқтала кетейік. Галстук немістің «нalstuch» – «мойын орағыш» деген сөзі­нен шыққан. Алайда галстуктің арғы тегі француздың «cravate» деген сөзінен бастау алады деген болжамдар бар. Бұл сөз француздарға хорваттардан енген көрінеді. Француздар мен хорваттардың арасында 30 жылға созылған соғыста француздарға хорват атты әскерінің мой­ындарына таққан орамалдары қатты ұнап, олардан «бұл не?» деп сұрайды. Сонда хорваттар бұл сұрақты «сен кімсің?» деп түсініп, «хорват» деп жауап берген екен. Француздарға осылай енген сөз кейін басқа Еуропа елдеріне де көше бастайды. Ал енді мойын орағыштардың шығу тарихына тоқталар болсақ, алғашқы галстуктер ежелгі Египетте пайда болыпты деседі. Мұнда мойынға тағатын түрлі геометриялық формадағы орағыштар адамның әлеуметтік мәртебесінен хабар бере­тін болған. Сондай-ақ алғаш­қы­лар­дың бірі болып галстук таққандар көне қытайлықтар екен. Алайда алғашқы галстуктер қазіргілерге мүлде ұқсамайтын. XVIII ғасырда мойын орағыштар галстук деп атала бастаса, кейінірек XIX ғасырда олардың пішіні қазіргілерге ұқсай бастады. Кейіннен тіпті бүкіл әлемде галстук тағу үлкен мәдениетке айналды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста