Ғалымдар жиі душқа түсудің денсаулыққа зиян екенін айтты
Дәрігер мамандар қаншалықты суға жиі түсуге болатынын айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kp.ru сайтына сілтеме жасап.
Көптеген адам күнін таңертең душқа түсуден бастайды. Алайда шектен тыс тазалықтың да денсаулыққа кері әсерін тигізетін кездері болады. Дерматолог мамандардың жиі душқа түсуді қолдамайтынын естіп, қатты таңғалатын шығарсыз. Бірақ, олардың көпшілігі тек екі-үш күнде бір рет жуынуға кеңес береді. Дерматологтардың неге бұлай кеңес беретіндерін түсіну үшін терінің өздігінен тазару үрдісі қалай жүзеге асатынын білу қажет.
Суға жиі түскен сайын кірден ғана емес, денемізге енген бактериялардан да арыламыз. Адам ағзасы мен терісіндегі бактериялардан толықтай арылу мүмкін емес. Ең бастысы, мұның қажеті де жоқ. Адам эпидермисіне таралған бактериялардың көбісі денсаулыққа пайдалы. Әрине, мұнымен қатар, адамның денсаулық жағдайы да ескерілуі тиіс.
Күнделікті душқа түсу кімдер үшін пайдалы?
- Спортшылар;
- Фитнеспен айналысатын адамдар;
- Ыстық әрі ылғалды аудандарда тұратындар;
- Шахта сынды ерекше жерлерде жұмыс істейтін адамдар үшін.
Жиі душқа түсудің қандай кері әсері бар?
Ыстық душ көптеген проблемаға әкеліп соқтырады. Мысалы, ыстық душ терідегі «табиғи майды» кетіреді. Ал бұл майлар бізге терімізді қорғап тұру үшін қажет. Осының салдарынан теріңіз қатты құрғап, қышынуы мүмкін. Кейде мұның барлығы экземаға ұласады.
Адам қолы үшін қышқыл орта пайдалы. Кейде адамдар сабынның әсерінен қол терісі эпидермисіндегі pH мөлшерін бұзып алады. Бұл ереже шашқа да қатысты. Әсіресе, табиғатынан құрғақ шаштарға кері әсерін тигізеді. Оның үстіне құрғақ баста қайызғақ тез пайда болады.