Ішімдіктің себебінен пайда болатын негізгі 7 дерт

Ішімдіктің себебінен пайда болатын негізгі 7 дерт

«Осы арақ – ауруыма ем», – дейсің,

«Денсаулыққа зияны оның кем», – дейсің.

«Бұл арағың жасалады бидайдан,

Сондықтан да нанмен құны тең!», – дейсің.

Тірлігіңде мұның бәрін ойламай,

Тегін жатқан мол сауапты термейсің.

Ішіп жүріп өлім барын ескермей,

Жетпес жерге қылышыңды сермейсің.

(Арман Бердалин)

Алкогольдің адам денсаулығына орасан үлкен зардап келтіретіні, тіптен ақырында өлімге апарып соқтыратыны ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Бұл мәселеге қатысты жазылған ғылыми еңбектер мамандардың ескертулері де аз емес. Дегенмен, адамзат өз-өзін құрдымға сүйреген осынау індетті түпкілікті жеңе алмай отырғаны өкінішті жағдай.

Алкогольдің адам денсаулығына зияннан басқа берері жоқ. Сондықтан да болар қазіргі медицина алкогольді жеке дара дәрі ретінде мүлдем қолданбайды. Алкоголь - көбінесе жүрек, бауыр, асқазан және бүйрек ауруларының тікелей себебі. Алайда адам ағзасын біртұтас жүйе ретінде қолға алар болсақ, ағзаның бір мүшесінде туындаған ақау өзге мүшелерге жанама түрде әсер ететіндігі белгілі. Сондықтан жүрек, бауыр, асқазан және бүйрек ауруларынан басқа адам ағзасында туындаған барша ауру-сырқатқа алкогольдің тікелей болмағанымен жанама ықпалы болатындығы айдай анық.

Алкоголь сонымен қатар, ми жасушаларын зақымдап, адамның ойлау қабілеті мен зейінін ойрандайды. Алкоголь көп тұтынылған жағдайда еркектерді белсіздікке ұрындырады.

Алкогольдің салдарынан туындайтын онкологиялық аурулар: бауыр рагы, тамақ рагы, ауыз қуысы рагы, көмей рагы, өңеш рагы, асқазан рагы, ішек рагы, емшек (көкірек безі) рагы және т.б.

Жүйке талшықтары нәзік болғандықтан, ішімдік оларды тез әлсіретеді. Ішімдіктің әсерінен адамның қол-аяғы дірілдеп, сал ауруынан бастап өлімге дейін апаруы мүмкін. Ішімдік салдарынан туындайтын жүйке жүйесіндегі аурулар: уайым, қорқыныш, ашушаңдық, қызғаншақтық, жігерсіздік, ақыл-парасаттың кемдігі, психиканың бұзылуы, ұйқысыздық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі және т.б.

Адам сүйегінің органикалық өзгеріске ұшырауы салдарынан остепороз ауруы туындайды. Алкогольдің салдарынан өзіне - өзі қол жұмсау, улану, өртке шалдығу секілді мезгілсіз өлім оқиғалары орын алады.

Алкоголь салдарынан адам физиологиясындағы ауытқулар: балалар мен жасөспірімдердің ішкі және сыртқы дене мүшелерінің кемістігі, жарымжан болу, ақыл-есінің кем болуы т.б. орын алады.

Маскүнемдіктің клиникалық көріністері неврологиялық, психикалық, соматикалық тұрғыдан адамды мазалайды. Адамда ашушаңдық, беймазалық, үнемі қорқыныш пен үрейдің билеуі, қызғаншақтық, секемшілдік, түсініксіз ойлардың мазалауы т.б. құбылыстар пайда болады. Еңбекке қабілеттілігі күрт төмендейді. Бұзақылыққа әуестік пен гигиеналық салақтық пайда болады. Өзін-өзі төмен санайды. Өзіне қол жұмсауға дейін барады. Депрессия, эпилепсия, энцефалопатия, ұйқысыздық, түсінде шошу мен мазасыздық белең алады. Сонымен қатар, темекі, арақ, есірткі артериялды гипертония, ішімдік салдарынан болатын кардиомиопатия, өт жолының, бауырдың зақымдануы, асқазан аурулары (язва, гастрит, дуоденит, Эллисон синдромы, он екі елі ішек жарасы т.б.), миопатия, подагра, шамадан тыс семіру, эндокриндік ауытқулар, анемия, міне, мұның барлығы алкоголь қолдану салдарынан туындайтын аурулардың бірқатары. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста