Итарбаның /ходуноктың/ пайдасы мен зияны

Итарбаның /ходуноктың/ пайдасы мен зияны

Кез келген ата-ана сәбиінің алғашқы қадамына куә болуға асығады. Педиатрлардың айтуынша бала өміріндегі бұл процес әркімде әрқалай дамиды. Нәресте туылғаннан ширақ болса алғашқы қадамдарын ерте бастауы мүмкін. Ал кейбірі 10 айлығында жүруге енді-енді ұмтылып жатады. Ата-аналарға айтарымыз өзінің алғашқы қадамын жасарда бала физиологиялық және эмоционалдық жағынан дайындықтан өтуі керек. Асықтырудың да тежеудің де қажеті жоқ.
Ортопед мамандар ата-аналар балаға жүруден гөрі еңбектеуді үйретуге кеңес береді. Сәби қадам жасауға ептілік танытқан сәтте оны итарбаға, яғни ходунокке отырғызуға асығып жатамыз. Ендігі әңгімеміз соған қатысты. Дәрігерлер де оны қолдануға келгенде екіұшты пікірде, бұл орайда ата-ана соңғы шешімді өзі қабылдайды. Дегенмен көңілге қонымды, әрі тәжірибеде кездесіп жүрген кеңестерді назарларыңызға ұсынамыз.

Мамандар пікіріне сүйеніп, итарбаның балаға әкелетін кері әсерін тізбелесек:
Бала табанын дұрыс қоя алмайды;
Ұзақ уақыт қолдану аяқтарының қисаюына әкеледі;
Омыртқа сүйектері дұрыс қалыптаспайды;
Өз бетінше жүруге ынтасы оянбайды;
Итарбада өзін қауіпсіз сезінген баланың қорғау, сақтану түйсігінің дамуы тежеледі;
Еркін қозғалысты шектейді.

Ата-анаға тигізер пайдасы аз уақыт болсада баланы итарбаға салып қойып үй шаруасымен айналысуға уақыт табады, тынығып алады. Сәбиі итарбада отырса оның қауіпсіз екені сенімді жүреді. Балада әр бөлмені аралап айналасындағы заттармен еркін танысады. Жүру дағдыларын үйренеді. Бұл жағын да жоққа шығара алмаймыз. Егер бала аяғының ұшымен жүріп әдеттенсе ол итарбаның әсері деп бей-жай қарауға да болмайды. Өзге де себеп болу мүмкін. Сондықтан дер кезінде маман кеңесіне жүгінген жөн.
anabol.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста