Кедейлікке әкелетін бір сөйлем

Кедейлікке әкелетін бір сөйлем

 "Қызым, ойыншығыңды қызғанбай, құрбыңа бере ғой", "Балам, болмайды, ойыншығыңды берші оған". Бұл – ата-ананың баласына бағыттап айтатын үйреншікті сөзі. Қарап тұрсаң, бұл сөзде тұрған ештеңе жоқ сияқты. Бірақ психологтардың айтуынша, осы тектес сөйлемдер баланың бақуатты өмір сүруіне кедергі болады екен. "Ол қалайша?" дерсіз. Талдап көрейік. Ата-ана баласына неге олай айтады? Біріншіден, кез келген ата-ана баласының тәртіпті болып өскенін қалайды. Сондықтан ойыншығын өзге біреуге беруден бас тартқан баланың қылығы – ұят. Екіншіден, бұл – ата-ананың қоғам алдындағы борышы. "Баласына дұрыс тәрбие бермеген екен" деп (олар) ойлап қалса... Үшінші себеп. Ата-ананың ойы мынау: "Менің орнымда болса, кез келген ата-ана осылай істер еді". Бұл – қоғамда қалыптасқан ереже. Себебін сараладық, салдарын сараптайық. Бәріміз қонақ шақырамыз. Қонаққа әке-шеше көбіне баласын ертіп келеді. Ал сіздің балаңыз қонаққа келген кішкентай баладан ойыншықтарын қызғана бастайды. Бергісі келмейді. Балаңыздың қолындағы ойыншыққа қонақ бала қызығып, екеуі таласып қалады. Сіз әлбетте, балаңыздың ойыншығын ана балаға бергізесіз. Ата-ана – бала үшін сөзсіз идеал. Ол кішкентай кезінен бастап ата-ананың сөзіне құлақ асады. Бала қолындағы ойыншығын береді, ата-ана өз кезегінде баланы мақтайды. "Менің балам қандай ақылды!", "Қызымның ақылы көп, қызғанбайды ойыншығын", т.б. мақтау сөздер айтады. Бала үшін ол ойыншық – өзінің жарты әлемі. Ойыншық – кішкентай баланың өміріне, ойлау қабілетіне ерекше әсер ететін нәрсе. Сондықтан бала сүйікті ойыншығын қимай-қимай ана балаға береді... Кейбір балалар ойыншығын беріп, қайтып тартып алып жатады. Кейбір балалар ойыншығын берсе де, артынан бақырып жылайды. Кейбіреулер ата-анасынан мақтау естіген соң, үнсіз қалады. Осы арада ата-ана да, бала да баланың ойы өзгергенін түсінбейді. Баланың ойында мынадай ұғым пайда болады: "Егер мақтау сөз естігің келсе, жаман бала атанғың келмесе, сүйікті затыңды басқа адамға бер. Ал сүйікті затыңды бермесең, сен жаман бала атанасың, сені ешкім жақсы көрмейді. Ата-анаң да сені жек көреді. Сүйікті затыңды бермейтін болсаң, өзіңді жазалауың керек, өйткені сен – затыңды сұраған адамның алдында кінәлісің". Адамның ойында ұғым қалыптасу үшін әдетте бір оқиға бірнеше рет қайталану керек. Бірақ кейде жүрекке тиген бір ауыз сөз адамды өзгертіп жатады.

Баламыз мейірімді, жомарт болып өседі. Жомарттығы соншалық, соңғы тиынын да өзгеге беретін қолы ашық адам болып қалыптасады. Қолындағы барын ата-анасына, бауырларына беруге дайын. Ал өзі ше? "О не дегеніңіз! Мені қойшы, олар бақытты болса болды". Осылай ойлайтын адамды басында бәрі жақсы көреді. Кейін пайдалана бастайды. Ол бәріне бірдеңе беруге міндетті, ал оған ешкім ештеңе бермейтін жағдайға жетеді. Өзі тапқан ақшасын өзіне жұмсай алмайды. Кейде санасы сілкініп: "Өзіме қымбат киім алайыншы" дейді де, 30 мың теңгеге көйлек сатып алады. Осы тұста ары мазалайды. "Ақшаны бір көйлекке құртқанша, отбасыма беруім керек еді" деп өз-өзін жазалай бастайды. Бәлкім, сіз осы жағдайдан өзіңізді көрген боларсыз. Айтыңызшы, осындай өмір сізге ұнай ма? Өз тапқаныңызды өзіңіз жарата алмасаңыз, үнемі біреудің алдында міндеттімін деп жүрсеңіз, сіздің жағдайыңызды кім жасайды? Бұл жерде біз айтып отырған мәселені өзімшілдікпен шатастырмау керек. Өзімшілдік – мүлде басқа тақырып. Адамның өзін жақсы көруі, өзін басқара алуы, қалауын орындай алуы, жақсы өмір сүруге ұмтылуы сөз болып отыр.

Ойыншығын біреуге бергісі келмеген балаға не деу керек? Әпкеңіз сізге қымбат сөмке сыйлады, ал досыңыз сөмкеңізге қызығып "Маған бере тұршы, ұстайын" деді, сіз не істер едіңіз? Әлбетте, бас тартасыз. Енді баланың орнына өзіңізді қойып көріңіз. Нақты жағдайда баланың өз ойыншығымен өзі ойнауына мүмкіндік беріңіз. Ал қонақ баламен өз әке-шешесі сөйлесіп алады. Екі жаққа да тиімді шешім – басқа ойыншық әкеліп беру. Балаңыз сүйікті ойыншығымен, ал қонақ бала басқа ойыншықпен ойнасын. Сол кезде арба да сынбайды, өгіз де өлмейді.

massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста