Кей әйелдің төсекке аса құмар болуының сыры неде?

Кей әйелдің төсекке аса құмар болуының сыры неде?

Еркектердің тән қалауына қанағаттанбауы, жалпақ тілмен айтқанда, «әйеліне тыныштық бермеуі» қалыпты болып көрінеді. Себебі, ол – еркек, «еркек сондай болуы керек»....деп қалыптасқан санамызда. Денсаулығы жақсы болса, там айналып теріске бұра шаппаса, өзінің адал төсегінде қанша қаласа да өзі біледі. Ал көрінген етектінің соңына түсе берсе, онда әңгіме басқа, деп жазады Еrnur.kz/ порталының тілшісі.

Бірақ, бүгінгі тақырып еркек туралы болып отырған жоқ, өкінішке орай. Табиғаттың бір жаратылысы, адам болған соң әйелдердің ішінде де «төсек ойынына» қанағаттанбайтындары кездеседі. Еріне көңілі толмайтын, бәрін тастап өз көңілі қалағанының соңына еріп кеткен немесе бір ғана серігіне тоқтала алмайтындар туралы ел ішінде көп айтылады.

Әрине, ол әркімнің жеке шаруасы. Дегенмен, әйелдердің сондай «арсыздыққа» баруына не себеп екенін білген бар ма? Иә, ол дұрыс емес. Қоғамға кері әсерін тигізеді ондайлар... Мұндай себептердің бәрін жиып қоя тұрайық. Ақтап алайын деп тұрған жоқпыз, бірақ мәселенің түбі қайда жатыр? Оларға не жетпейді? Ағзасында бір дәрумен кем бе әлде басқа да себебі бар ма?

Әйелдер арасында тап осы «төсекке тойымсыздықтың» себебін зерттеген мамандар бірнеше себепті алға тартыпты.

БӘРІ ДЕ ҚОРЫҚҚАННАН...

Иә, мамандар жіті зерттей келе мұндай әрекетке әйелдің санасына берік ұялапалған ҚОРҚЫНЫШ әсер етеді дегенге тоқталады.

«Қорыққаннан төсекке ұмтыла бере ме?» деген ой келетіні рас, десек те әйедерді медициналық-психологиялық тұрғыда зерттегендер ол қорқыныштардың түрлі болатынын да атап көрсетіпті.

ЕҢ ҚЫЗЫҒЫ: осынау қорқынышты жеңгенде немесе жеңуге көмектескенде ғана әйелдердің төсекке деген шектен тыс құмарлығын тоқтатуға мүмкіндік бар көрінеді.

Жас ұлғаюынан қорқу

Әдетте бұл қорқыныш әйелдің санасына 30 жастан асқанда «қонақтайды» екен. Осы уақытқа дейін белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген, тынбай еңбек етіп, армандарын орындаған әйелдердің кейбірінің санасында кенеттен «бетбұрыс» пайда болатын көрінеді. Мақсаттарға қол жеткізу үшін тән қалауын шетке итеріп қойған оның есіне төсек ләззатына көңіл бөлмегені түседі екен де, ендігі жерде уақытын өткізіп алмау үшін тәуекелге барады дейді мамандар. Айнадағы өз бейнесіне тамсана қарап, «мен әлі үлгеремін» деген оймен өткізіп алғанның орнын толтыруға тырысады.

Жалғыздықтан қорқу

Бұл жағдай әйелдің жасына қарамайды. Тіпті, оның әдемілігі немесе көріксіздеу болуы да маңызды емес. Жанына жалау болар ешкімі болмағанда, іштей жалғыздықтың азабын әбден тартқандар (жалғыздық жас таңдамайды) келешегінен қорқып, өзіне асығыс серік тапқысы келеді. Оның серігін тексеруден өткізуінің бір ғана жолы – төсек деп ойлап қателеседі.

Бір еркектің кесірінен...

Ал бұл топқа бір кездері өзін бүтіндей бір ғана жанға арнаған, ол үшін өзін құрбандыққа шалған әйелдер жатады. Жанымен де тәнімен өзін басыбүтін бір еркекке арнап жіберген әйелдің күткені болмай, өкініште қалады. Жылау, қайғыру, өкіну.... бәрі жиылып келіп, соның ақысын кездескен еркектің бәрінен алғысы келеді. Бұл жағдайдан шығудың басқа амалын көрмейді... Кіммен кездессе де үнемі есінде алғашқы алдап немесе тастап кеткені тұрады.

Махаббаттан қорқу

Бір адамғ,а байланып қалудан қорқатын әйелдер де, өкінішке орай. Олардың неге мұндай тұжырым жасағанын зерттегендер сәтсіз махаббат, бірі сүйіп, екінші сүймеген, сонда да бір шаңырақ астында амалсыз өмір сүріп жатқандардың жағдайын қаламау деп түсіндіреді. Бір адамға мәңгі байланып қалғысы келмейді, еркіндікті ғана ту етіп ұстаған.

Мамандардың пікірінше, көбіне еркектердің өзі осындайға итермелейтін үлгі көрсетіп жатады әйелдерге. Жар төсегіне адалдық танытпау, көзге шөп салудың тым көптігі, салдарынан ажырасу сияқты кез келген әйел көтере алмайтын тұрмыстық ауыртпашылық та нәзік жандылардың өзгеруіне себеп. Әйелдің жан-дүниесі тым қатты жапа шеккенде автоматты қарсылықтың әсерінен «Оның істегенін мен де жасай аламын» деген реакция бас көтереді.

Осындайда «әйел бұзылса, әлем бұзылады» деген тәмсіл де ойға оралатыны рас. Анығында, қисық қабырғадан жаратылған делінетін әйелге күтім де, қолдау да, мейірім де тек сенген азаматынан болса, оның қия баспасы, артық қылық шығармасы белгілі.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста