Кеңсе қызметкерлері үшін жаттығу жасаудың пайдасы

Кеңсе қызметкерлері үшін жаттығу жасаудың пайдасы

Таңертеңнен кешке дейін компьютер алдында отыратын, көп қозғалмайтын, спортпен айналысуға уақыт таппайтын кеңсе қызметкері болсаңыз, келесі мәліметтерге құлақ түріп дәл қазіргі сәттен жаттығу жасауды бастаңыз. Жұмыс үстелінде ұзақ уақыт отыру темекі шегу секілді зиян екенін білесіз бе? Күнімізді компьютер алдында өткізу диабет, жүрек-тамыр жүйесі ауруларына, тіпті ерте өлімге әкелуі мүмкін.

Мен де кеңсе қызметкерімін. Он шақты адаммен бірге компьютерден бас алмай жұмыс істеп жүргеніме 1 жылдан асты. Мұндай жұмысшыларды «кеңсе планктондары» деп атайды. Планктон – судың беткі қабатында оның ағысымен қалқып жүретін ұсақ организмдер.

Кеңсе планктондарын былай деп суреттейді: 20-мен 40 жас аралығындағы жоғары білімді, баспанасы жоқ, пәтер жалдайтын не ата-анасының үйінде тұратын, қарамағында бағыншыты қызметкері жоқ, физикалық еңбекпен айналыспайтын жұмысшылар.

Соңғы кезде арқам ауырып, орындығым қисайып, компьютермен жұмыс істеген кезде жайсыз сезінетінді шығардым. Өзімше «флай йогаға» , фитнеске барамын дегенімде мойным жар бермеді. Ақпаратты көбінесе Интернеттен алатын «планктон» ретінде кеңседе отырып физикалық жұмысты жақсарту туралы іздедім.

1-жаттығу. Арқаңызды тік ұстап, басыңызды оң иығыңыз бен сол иығыңызға қарай қозғалтыңыз. Бірнеше рет қайталап шығыңыз. Содан кейін басыңызда алға-артқа қозғалтыңыз.

2-жаттығу. Жауырыныңыз бен беліңізді қабырғаға тіктеп тұрыңыз. Омыртқаңызды жақсылап тіктеп алыңыз да, кеңсені айналып жүріп шығыңыз. Дәлізге шығып кішігірім серуен құрсаңыз болады. Ескерту: біздің кеңсеміздегідей қисық қабырға болса, бұл жаттығуды жасауға болмайды.

3-жаттығу. Арқаңызды тіктеп, қолыңызды түсіріп, иығыңызды алға-артқа айналдырыңыз.

4-жаттығу. Қолыңызды түсіріп, иығыңызды кезек-кезек жоғары көтеріңіз. Бұл жаттығуды жасағанымда қатып қалған сүйектерімнен «қырт-қырт» еткен дыбысы естілді.

5-жаттығу. Қолыңызды беліңізге қойып, оң жағыңызға және сол жағыңызға кезек-кезек еңкейіңіз.

6-жаттығу. Қолыңызды беліңізге қойып, бөксеңізді сағат тілімен айналдырыңыз. Содан кейін керісінше бағытта айналдырыңыз.

7-жаттығу. Баспалдақпен көтеріліп, баспалдақпен түсіңіз. Бұл да жаттығу!

8-жаттығу. Күні бойы аяғыңыз көп қозғалмайды. Бір орында тұра беретін табаныңыз үшін массаж жасау қажет. Ол үшін аяқ киіміңізді шешіп, кішкене доптың, не бөтелкенің үстіне аяғыңызды қойып, алға-артқа айналдырыңыз. Бұл жаттығу бұлшықет тінін жайландырып, қан айналымын жақсартады.

9-жаттығу. Алақандарыңызды айқастыра екі қолыңызды көтеріп, оңға-солға керіліңіз. Содан кейін арқаңызды дөңгелек етіп қолдарыңызды алға соқыңыз.

10-жаттығу. Қолыңызды беліңізге қойып басыңызды артқа шалқайтыңыз. Содан кейін орындығыңызды артқа қарай қозғалтып, аяғыңызды алға созыңыз. Арқаңызды тіктеп, қолыңызды алға созып, еңкейіңіз.

Түскі ас уақытында сыртта серуендеп қайтыңыз. Жоғарыдағы жаттығуларды жасауды естен шығармаңыз.

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста