Кездесуге қалай дайындалу керек? Не киген дұрыс?
Кездесуге қалай дайындалу керек? Не киген дұрыс?
«Адам бойындағының бәрі де – бет пішіні де, киім-киісі де, жан дүниесі де, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс» десе керек орыстың біртуар жазушысы А. П.Чехов. Иа, іскерлік, достық не махаббат кездесуі болсын адамның болмыс-бітімі, киген киімі үлкен рөлге ие. Екіншіден, сөйлеген сөзіңіз де маңызды. Себебі, сыртқы келбетіңіз қайта жолығуға жолдама, кезекті кездесуге себеп бола алады.
Психологтардың айтуынша, қыздарға көзге бірден көрінетіндей, жарқырап боянудың қажеті шамалы. Себебі, еркектер олай боянатын арулардың бет-әлпетінде жасыратыны көп деп біледі. Осы тұрғыда «шынайылықтың» мәртебесі басым.
«Әйелдің визит карточкасы қолы» деп бекер айтылмайды.
Ер жігіттер алдымен қыздың қолына мән беретінін біліңіз. Сондықтан, тырнақтарыңыз нәзік етіп боялған, қолыңыз жұмсақ болғаны жөн.
Шаш
Кездесуге барамын деп арнайы шаш үлгісін жасап жүрмеңіз. Неғұрлым шашыңыз еркін жиналған болса, соғұрлым жігітке тартымыдырақ, ол сіздің шашыңызды ұстағысы келіп тұрады. Сондай-ақ, шашыңыздың осы күні таза, жинақы болуын қадағалаңыз.
Иіссу
Иіссуды мөлшерден тыс сеуіп алудан аулақ болыңыз, сізге білінбегенімен, жаныңыздағы жігіттің жүрегін айнытуы мүмкін. Сонымен қатар, тым өткір, тәтті иісті иіссуларды да пайдаланбағаныңыз дұрыс.
Сыртыңыздағы киміңіз де біраз дүниені аңғартатынын біле жүріңіз. Осы тарапта көркіңізді аша түсетін киімдер мен әдемілік беретін әшекейлерді тағып жүргеніңіз жөн болмақ. Қыз баласын сұлуландыра түсетін көйлек екені анық, десе де, күнде көйлек кие бергіңіз келе бермейтін кездер де болар. Бастысы, кездесуге барша болмысыңызды ашып, сәніңізді келтіріп тұратын киімдер киіп бару керектігін ұмытпағайсыз.
Көңіл-күйіңіз көтеріңкі болсын.
Әдеп сақтап, жан-дүниеңіздегі әдемілікті көрсетуден қашпаңыз.
Ерсі мінез танытпай, еркелеп, ойнап-күлуден жалықпаңыз, ал қылықты қыз қашанда жігітті жай қалдырмайды.
anabol.kz