Киімді жаңа күйінде сақтау жолдары
Кей киім сатып алғаннан кейін бір-екі жуғанда тозып, созылып кетеді. Пішінін жоғалтқан киімді кигіміз келмейтіні тағы бар. Осындай келеңсіздікке кенелмес үшін жемпірді жаңадан сатып алған кездегі кейіпін сақтап қалу жолдарын ұсынамыз.
Түкті қалай кетіреміз?
Өкінішке орай, қымбат киімдердің өзі ұзақ кигенде түктеніп кетеді. Бұл оның сапасын білдірмейді, жүннен тоқылғандықтан түктенеді. Егер жүннен тоқылған киімдерді ұнатсаңыз, суретте көрсетілгендей түк жинайтын арнайы машина сатып алыңыз. Оның бағасы арзан және ұзақ қолданасыз. Егер арнайы машина болмаса, қарапайым ұстарамен де алсаңыз болады.
Қай уақытта жуу керек?
Кез келген киім уақыт өте формасын және түсін жоғалта бастайды. Сондықтан өте жиі жуудың қажеті жоқ. Егер киімге дақ тигізіп алсаңыз, киімді толықтай жумай-ақ дақты ғана бірден кетіруге тырысыңыз. Дақ тұрып қалса, кетіру қиынға соғады. Алайда киімдегі тері, әтір, дезодорант, темекі иісін жуып қана кетіре аламыз. Жалпы жемпірді 4-5 киген соң жуған жөн. Сонымен қатар киім өз формасына келу үшін демалу қажет. Бір жемпірді бірнеше күн қатарынан кимеуге тырысу қажет. Аптасына екі реттен артық кимеген дұрыс.
Қалай жуу керек?
Легенді салқын сумен толтырыңыз. Жүннен тоқылған киімдерді жууға арналған сүйық құралды құйыңыз. Суды араластырып, жарты сағат қойыңыз. Содан соң жемпіріңізді сол суға жуып алыңыз. Ыстық су қолданбаңыз. Егер үйде жүннен тоқылған киімдерді жууға арналған құрал болмаған жағдайда балалар сусабынын (шампунь) қолданыңыз. Егер ол да болмаса, өз сусабыныңызды қолдана беріңіз.
Сығуға бола ма?
Жемпірді сығуға болмайды. Жемпірді сықсаңыз, өз формасын жоғалтып, созылып кетеді. Жемпірді абайлап қысып, суды жақсы сіңіретін таза сүлгінің (бояуы жұқпас үшін ақ түсті болғаны жөн) үстіне жайыңыз. Созылып кетуі мүмкін деген жерлерін, жағасын, резеңкесін бастапқы формасына келтіріп дұрыстап жіберіңіз.
Қалай жинау керек?
Жүннен тоқылған жемпірлерді, соның ішінде өте қалың жемпірлерді ілгішке иығынан ілудің қажеті жоқ. Оған қарағанда бүктеп жинап, сөреге салып қойған дұрыс болады. Ал егер киімдердің бәрін іліп қоюға үйренген болсаңыз, киіміңіз созылып кетпес үшін ілгішке суретте көрсетілгендей іліңіз.