Конституцияның түрлері қандай?

Конституцияның түрлері қандай?

Осы дүниежүзінде конституцияның түрлері көп деседі. Конституцияның қандай түрлері бар?
Сабина,
Алматы облысы
Формасына қарай конституция – жазыл­ған және жазылмаған деп, сондай-ақ өзге­ріс­тер енгізу тәсіліне қарай икемді және қа­таң болып бөлінеді. Конституцияны ай­­­­қын­­­дау­ға тиісті мәселелер жекелеген  бірнеше заңна­малық актімен реттелетін болса, ол саралан­баған конституция болып табылады. Ал сараланған конституция – конституциялық сипаттағы барлық негізгі мәселені реттей­тін бірыңғай құқықтық акт. Сараланбаған конституциялары қабылданған елдер қата­рына Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Из­раиль мемлекеттерін жатқызуға болады. Консти­туциялар қабылдану тәсілі жағынан сый­лан­­ған, халықтық болып жіктеледі. Сыйға тар­тыл­ған конституцияның мысалы ретінде Ре­сей императорының 1906 жылы қабыл­даған актісін айтуға болады. Ал халықтық конституция референдум, пар­ламент, жо­ғары орган, құрылтай жиналысы, конститу­циялық жиналыс арқылы қабыл­дануы мүм­кін. Қазіргі уақатта Парсы шыға­нағындағы кейбір абсолютті монархиялық елдерде (Сауд Арабиясында, Оманда) конституция жоқ, оның орнына қасиетті «Құран» кітабы қолданылады.  Болжамды қолданылу мерзі­міне қарай конституция тұрақ­ты және уа­қытша конституцияларға бөлінеді. Тұрақты конс­титу­цияда алдын ала оның қолданылу мер­зімі көрсетілмейді. Ал уақытша конс­титуция­лар елдің түпкілікті конституциялық  құрылы­мын әзірлеу қажет болатын кезеңде қабылданады. Уақытша конституция құ­рылтай жиналысын шақыр­май-ақ немесе референдум өткізбей-ақ қабылдана береді. Ондай жағдай 1991 жылы – Таи­ландта және 1985 жылы Судан­да болған. Сол сияқты Оңтүстік Африка Республи­касында 1994 жылы уақытша конституция кабылданып, кейіннен бұл 1996 жылы тұрақты конституцияға алмас­ты­рылған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста