Күйеудің күйлі болуы әйелге байланысты

Күйеудің күйлі болуы әйелге байланысты

Егер сүйіктісі жанынан табылса, онда азамат тез өзгереді.

► Көркем сөйлеу. Егер әйелінің тілі майда болса, онда ері оның көркем сөйлеу мәнерін бойына сіңіреді.

► Жұмысқа деген ниеті. Егер үйдегі ахуал еріне дем алуға, рухани тынығуға мүмкіндік берсе, оның есте сақтау қабілеті жақсарып, ойлау деңгейі күрт өсіп, жантану әдеті жетіле береді, қоғамдағы мәртебесі өседі.

► Ақыл мен қайрат. Егер әйел ерінің дегеніне көніп, оның айтқанын істейтін болса, күйеуі ақылды бола бастайды.

► Мақсаты айқын. Егер әйелі ерінің мақсат-мүддесін білсе, оларды қабылдаса, онда күйеуі мақсатшыл адамға айналады. Сол мақсатқа жететін жолы ашылады. Жан-жақтан мүмкіндіктер беріледі. Егер әйелі ерінің мақсатын қабылдамаса, мұның бәрі баланың ойыны ғой деп есептесе, онда күйеуінің сол мақсатқа жету мүмкіндігіне жоқ етеді. Жолын жабады.

► Төзімділік. Егер әйел ерінің кемшілігіне сабыр ете білсе, онда ері де әйелінің еркелігі мен ұстамсыздығына төзімді келеді.

Сүйіктісін тапқан ер-азамат ие болуға тиісті қасиеттердің бір парасы осылар. Әйел мейірімді, түсінігі мол болса, кешіре білсе, ол ерінің жол бастайтын жұлдызына айналады. Сенімді серігі, адал досы, жерұйығы болады.

Әйел – отбасының отын сөндірмейтін жан. Ақылы бар еркек өшпеген отқа қайтып келгісі келеді де тұрады. Сүйікті әйелдің жымиысы азаматқа тау қопарар күш бітіреді. Оның дана көзіне қараған сайын батып кеткендей күй кешеді. Сүйіктісінің сезімін сағынып тұрады.”Керісінше – әйел өзі біліп, яки білмей, кереғар қарым-қатынасқа бой ұрса, ерінің мінез-құлқына қатты әсер етіп, оның сенімсіз, бойкүйез болуына да ықпал етеді. Үнемі кемшілігін бетіне басып, көңілі толмайтынын білдіру жақсылыққа апармайтын құбылыс. Әйел қауымы ойланып қадам басып, нені анық қалайтынын өзі үшін біліп жүргені жөн. Жаныңызда арыс­тан мінезді айбарлы азамат болғанын қалаймысыз? Арқа сүйейтін, ұзап кетсе, үздіксіз күтетін? Әлде үйге-кіріп шыққанына бақырып-шақырып, аяқ сүрткішке айналған еркек керек пе? Ұсақ-түйекті де өзі біліп шеше алмайтын көлеңкемен өміріңізді өткізгіңіз келе ме? Көп нәрсе әйелдің тілегінде, шын ықыласында, ақ пейілінде. Арманыңыздағы азаматты сіз өзіңізге өзіңіз жасап алуға тиіссіз. Көп жақсылық әйелдің өз ниетінде екенін естен шығармағайсыз.

Ш. ӘБІЛДА.

zamana.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста