Күйеуі неге әйелінен суып кетеді?

Күйеуі неге әйелінен суып кетеді?

Әйелдер қауымдастығына бас сұғып, күллі нәзік жандыға сыр шертіп жүрген ер адам – Нироммын. Армысыздар, ханымдар?! Бүгінгі әңгімем сіздерден пікірлер ішінде қойылған сұраққа байланысты? «Күйеуі неге әйелінен суып кетеді?» Бәріміз адамбыз, жалығу-адамға тән қасиет. Кез-келге сұлудан ер адам шаршайды, жалығады. Тек қана тән сұлулығына қызығып, отау құрған адамдардың некесі сол себепті бір жылдың ішінде «трещина» береді. Айналып келгенде, барлық проблеманың шешімі иманға келіп тіреледі. Жүрегінде иманы бар, салиқалы жігіт өзінің әйеліне жаратқанның аманаты ретінде қарайды, қол көтеруі былай тұрсын, себепсіз қатты сөз айтудан аулақ болуға ұмтылады. Әйел аларда сұлулығына емес, тақуалығына қарайды. Әйелінен жалықса да, сыйлап, жаратқанның аманаты, балаларының анасы ретінде құрметпен қарауы керек. Ал құдайдан қорықпайтын адам өмірін «ойна да күл»- қағидасын негізге ала отырып өткізеді, бұл үлкен қате. Қандай жағдай болмасын күйеуі – әйелінен, әйелі-күйеуінен шаршайды, жалығады. Бірақ осы сезімді бірден өшіріп, арасындағы махаббатты қайта тұтататын – иман. Күйбең тірліктен шаршаған сәттерде қолды жайып: «Я, Раббым, маған жұбайымды көрікті ете гөр, арамыздағы түсіністікті арта гөр, менің және жұбайымның біліп-білмей істеген күналарымызды кешір, біз өмірден өткеннен соң біз үшін дұға қылатын салиқалы ұрпақ нәсіп ет!»-деген дұғаны айтсаңыз, дұғаңыз қабыл болса, және осылай жаратқанға жалбарынып тұрған дұғаңыздың шет жағасын жарыңыз да естіп қалса, нұр үстіне нұр емес пе? Әлгіндей тілекті әйелінің аузынан естіген еркек разы болмай ма жұбайына? Отбасысы үшін өліп кетсе де арманы бар ма? Әлгіндей тілекті күйеуінің аузынан естіген әйел разы болмай ма жұбайына? Көңілінен шығуға тырыспай ма? Қысқасы, махаббат иманмен болса – нұрландырады, имансыз болса – жындандырады! Сұрақтарыңзыд пікірге қалдыра беріңіз, құрметпен Ниром мырза!

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста