Күйеуім мұң-шерімді тыңдағысы келмейді. Не істеймін?

Күйеуім мұң-шерімді тыңдағысы келмейді. Не істеймін?

Сәлеметсіз бе! Менің сұрайын дегенім мынау еді: Мен тұрмыстамын. Білмеймін неге екенін, мен күйеуіме еш жылулығым жоқ. Кейде ойлап қоям, маған психолог керек шығар деп. Бірақ, психологқа баруға ұяламын. Өз проблемамды оған қалай айтамын. Мені түсінетін, өмірде қиналған сәттерімде түсіністік білідіріп, ақыл-кеңес беретін адамым жоқ. Мамам қайтыс болып кеткен. Егер, тірі жүргенде ақылын сұрар едім. Не істеймін? Кейде өмірден қатты құлазып кетемін. Күйеуім нашар адам деп айта алмаймын. Мінезі де жақсы: жуас. Білесіз бе, «ол мынадай», «ол ондай» деп мен оған шағымданғым жоқ. Мен одан жылулық сезіне алмаймын. Мен ішімдегі бар сырымды айтып, ақтарғым келеді. Ал, ол оны түсінбейді. Шаршадым шынымен. Шаршадым деп те айтуға болмайды. Көп нәрсе сұрағым келеді. Алайда, мұнда жазып түсіндіре алмаймын... Хатымды оқып, ой түйгеніңізге рахмет. Анон.

Сәлеметсіз бе! Кей кездері ең жақын деп санаған жарың мен өзіңнің іштен шыққан балаң (базы әрекеттері себепті) бейне бір дұшпан тәрізді сезіліп жатады. Осындайда, олардан безгің келеді.

Алайда уақыт өтіп, ойлана келе әлгі сүйкімсіз әрекеттерін пенделікке, балалыққа жатқызып, кешірім етсек бәрі өз орнына келеді. Құранда: «Лә тәнсауль Фадлә бәйнакум», - делінген. Оның мағынасы: "Араларында кешірімділікті, кішіпейілдікті ұмытпаңдар" деген ұғымда[1].

Өкінішке орай, көп жағдайда шайтанның азғыруына көніп, сыбырлағанына құлақ асып жатамыз. Соның нәтижесінде болмайтын нәрселер үшін жанжалдасып, ұрысып-керісеміз.

Көп ер кісілер тым аяныштылықты (сентиментальность) жақтыра бермейді. Дәлірек айтқанда, ондайға жаратылысы сай келмеуі мүмкін. Сол себепті зайыбының іштегі мұңын көбіне еркектер дұрыс түсінбей жатады. Әрі, жалығып кетуі мүмкін. Ер кісілер күшті рухты әйелдерге сүйсінеді. Әйелге тән нәзіктігімен қоса, орнымен қайсарлығын да көруді ұнатады. Бетпақтық емес. Қайсарлық...

Ендеше, еріңізбен әрдайым шер тарқасып, мұң мұңдаса алмауыңыз мүмкін. Оған ренжудің қажеті жоқ. Барлық нәрсе Алланың қолында. Аллаға тәуекел етіп, Аллаға тапсырып, еріңіздің ризалығын алуға тырысыңыз. «Күйеуі риза болған әйел - пейіштік» делінген хадисте.

Алда-жалда көңіліңізді өкініш билеп: «Әттеген-ай, олай емес, бұлай істегенімде мүмкін дұрыс болар ма еді» деген ой мазалай бастаса, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына кеңесін еске алғаныңыз жөн:

«Қуатты мүмин әлсіз мүминге қарағанда анағұрлым Аллаға сүйкімді, әрі ардақты. Дегенмен әрқайсысына да (немесе әрқайсысында) жақсылық бар. Сен өзіңе пайдалы нәрсеге ұмтыл. Алладан жәрдем сұра. Әлсіздік танытпа. Қиындыққа тап болған сәтте: "Әттеген-ай, (басқаша) істегенімде, бұлай болмас еді", - деп өкініш білдірме. Ондай жағдайда: "Алланың жазғаны осы, Ол не қаласа, сол болады", - де (сабырлық таныт)! Өйткені "әттегене" шайтанға жол ашады"[2].
Осы орайда ер кісілердің де өзіндік міндеттемелері жоқ емес. Жаратушымыздың: «Еркектер – әйелдерге тірек (қамқоршы)»[3], - деген аятына сай, отағасы өзінің құдай қосқан қосағы қиналғанда жанынан табыла білуге тырысып бағуы ләзім. Бір өкініштісі, көпшілігіміз аталмыш аяттағы қағиданы ескермей, селқостық танытып жатамыз. Соның салдарынан, реніш, қынжылыс, түсінпеушіліктер пайда болып жатады. Алла баршамызды есіркесін.

Сөзімді бір дұғамен аяқтағым келіп отыр. Ол дұғаны көңіл-күй жоқ кезде немесе қысылып, кеудеңізді қайғы-мұң кернеп тұрған сәттерде іштей, бірнеше рет зейін салып оқысаңыз, көңіліңізге қуаныш, жүрегіңізге тыныштық орнайды. Дұға төмендегінше:

«ХасбунаЛлаһу, саю’тинаЛлаһу мин фадлиһи, иннәә илаЛлаһи рооғибуун!»

Мағынасы: «Бізге Алланың өзі жетіп асады. Бізге Алла өзінің нығметінен береді. Күмәнсіз, біз Аллаға жалбарынамыз, Алладан ғана көмек тілейміз» 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста