Күндізгі макияжды қалай жасау керек?

Күндізгі макияжды қалай жасау керек?

Күн сайын өзіміздің қолымыз үйренген боянудың бір-екі əдісін күндізгі макияж дей аламыз ба? Жеңіл косметиканы қазіргі трендтерге сай қолдануда қаншалықты сауаттымыз? Міне осы жөнінде таратып айтып көрейік.
Күндізгі макияж - бұл, біз күнделікті үйден шығарда жасайтын бет əрлеуіміз. Оның ерекшелігі декоративті косметиканы қолданғанда бəсең, жұмсақ түстерді таңдау болып саналады. Күндізгі макияжды кешкі макияжға тез айналдыра салуға да ыңғайлы болуы керек. Себебі жұмыстан кейін жуынып, киініп, қайтадан макияжды жаңартуға уақыт жетпей жататын кездер болады.
Классикалық күндізгі макияж əр əйелдің жеке құпиясы. Егер сіздің жұмысыңыз іскерлік кездесулерге толы бұқарамен тығыз байланыста болса сізге макияжды тез əрі дұрыс жасай білуді үйрену керек. Ол үшін қажетті басты құралдар мынадай: тональді крем жəне түзеткіш құралдар, опа, сүрме, бет ұшына жағатын бояу, қарындаш, тушь, далап немесе ерінге арналған жылтыр.

Бірінші кезең - декоративті косметиканы жағуға теріні дайындау. Бет пен мойынды тоник немесе лосьонмен сүртіп, қажет жағдайда ылғалдандырғыш крем жағамыз. Тері сəл кепкен соң беттегі безеу, дақ, қызарғандарды жасыру үшін түзеткіш құрал жағылады.

Екінші кезең - тональді крем жағу.
Осы екі дайындық кезеңінен кейін ең басты кезең - макияж жасау кезеңіне өтеміз. Ең алдымен түсті таңдап алу маңызды. Күндізгі макияжға арналған əмбебап көз сүрмелеріне кез келген ашық, сұр, күлгін, көгілдір, ашық жасыл жəне алтын түстер жатады. Қасты бояуға табиғи түске жақын түсті таңдаңыз. Макияжды толық аяқтау үшін бет ұшына сəл қызартқыш бояу жаққан дұрыс. Оны қалың кистьпен жаққан ыңғайлы.

Соңғы штрих - опа жағу жəне ерінге далап немесе жылтыр жағу кезеңі. Оны күні бойына жаңартып отыру керек. Əйтпесе терінің майлылығына немесе құрғақтығына байланысты ол ыдырап, көрер көзге жағымсыз əсер қалдырады.
Міне осындай макияждағы қарапайым қадамдар сіздің күні бойғы көңіл күйіңізге де оң əсер етіп, табысыңызға сеп болары анық. Ең бастысы табиғи түстерден алыс кетпеу керек, сонда күндізгі макияж барынша шынайылығымен көз қуантатын болады.
anabol.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста