Күнге күйіп қалғанда не істеу керек?
Ультракүлгін сәулесінің әсерінен тері күнге күйіп қалады. Тері қызарып, сезімталдығы артып, қышиды. Бірнеше күннен кейін қабыршақтанып түседі. Әсіресе терісі ақ адамдар мен секпіл жиі шығатын адамдар қатты күйеді.
Күйікті қалай емдеуге болады?
Теріңіздің қызарғанын байқаған бойда күн көзінен бой тасалаңыз. Жабық ғимаратқа кірген абзал. Көбірек су ішіңіз. Ол теріні жылдам қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Теріні 20 минут бойы салқын су астында ұстаңыз немесе шүберекті салқын суға малып алып, теріге басыңыз.
Ауырсынғанын басу үшін парацетамол немесе ибупрофен ішіңіз. Теріңіз қайта қалпына келгенге дейін жабық әрі кең киім киіп жүріңіз.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу