Күніне қанша литр су ішу керек?

Күніне қанша литр су ішу керек?

Мен Қытайда бір дәрігердің қабылдауында болғанымда маған «суды аз ішеді екенсіз» деді. Оның айтуынша, терім өте құрғақ көрінеді. Сонда күніне суды қандай мөлшерде ішу керек? 

Фаузия КӘРІМҚЫЗЫ, ШҚО

Сіздің сұрағыңызға диетолог маман Әйгерім Қайратбекқызы жауап береді: 
– Адам ағзасының үштен екі бөлігі судан тұрады. Әсіресе жас адамның ағзасы суға бай. Жас ұлғая келе ағзадағы судың мөл­шері азая түседі. Мысалы, құр­сақ­та жатқан үш айлық шарананың ағзасы 95 пайыз судан тұрса, 5 айлық шарананікі – 85 пайыз, жаңа туған нәрестенің ағза­сы – 70 пайыз, үлкен адамның ағза­сы 65 пайыз судан тұрады. Адам тамақ­сыз бірнеше апта шыдаға­нымен, сусыз 3-4 күн ғана өмір сүре алады. Кез келген адам күніне кемінде 2 литрдей сұйық­тық қабылдауы керек. Алайда қазіргі кезде көбіміз судан гөрі шырын, газдалған су­сын­дарды, кофе, шай секілді сұ­йық­тықтарды жиі ішеміз. Жалпы, біз, диетолог­тер, сусындардың пайдасы мен зиянына қарай олар­ды бірнеше топқа бөлеміз. Ағзаға пайдалылығы жағынан суға жетері жоқ.  Ал шай, кофе, шырын, энер­гетика­лық, алкогольдық  сусындар­ды аз мөлшерде пайдаланған жөн. Әсіресе тәтті жеміс шырындары адамның күнделікті қалыпты коло­риясын түгел қамтып кетеді. Өйтке­ні шырын құрамында 2 мыңға жуық колория бар және шырын шөлді қандырмайды. Ал суды та­мақ­тың алдында ішкен жөн. Сон­дай-ақ таза суды бірден көп мөл­шерде емес, әрбір он-он бес минут сайын бірнеше ұрттамнан ішкеннің пайдасы зор.    

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста