Күннен қуат қалай алынады?
Қазір көптеген заттар күн батареясының көмегімен жұмыс істейді. Оның жұмысын түсіндіріп бере аласыздар ма?
Ернұр БЕКАСЫЛҰЛЫ, оқушы
Күн батареясы – фото-электрлік генератор – Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен (ФЭТ) тұратын ток көзі. Көптеген тізбектей-параллель қосылған ФЭТ-тер Күн батареясын қажетті кернеу және ток күшімен қамтамасыз етеді. Оның жекелеген түрінің электр қозғаушы күші 0.5 - 0.55 Ваттқа сәйкес және ол оның ауданына тәуелді емес. Мәселен, бір шаршы метр ауданға келетін қысқа тұйықталу тогының шамасы 35-40 амперге тең. Күн батареясындағы ток шамасы оның жарықтану жағдайына байланысты, күн сәулелері Күн батареясы бетіне түскенде ол ең үлкен мәніне (максимумына) жетеді. Осылайша оның бойындағы ток күші пайдалануына байланысты бірнеше күнге жетеді.
Қазіргі заманғы Күн батареяларынан келетін қуат көзі 130 Ваттқа тең.Температура 25 градустан жоғарылаған сайын) ФЭТ-тегі кернеудің төмендеуіне байланысты Күн батареясының жалпы жиынтық қуаты ондаған тіпті жүздеген кВт-қа жетеді. Күн батареясы ғарыш кемелері мен аппараттарында энергиямен жабдықтау жүйесіндегі негізгі электр энергиясының көзі ретінде қолданылады. Күн батареясы, сондай-ақ күнделікті тұрмыс пен техникада қолданылатын көптеген бұйымдарды (калькулятор, қол сағаты, т.б.) токпен қоректендіру көзі болып табылады. Қазіргі кезде күн батареясынан қосымша қуат алатын автокөліктер де бар. Кейбір дамыған мемлекеттердегі шағын қалалар мен елді мекендер алып күн батареяларының көмегімен электр тогымен қамтамасыз етіледі.