Лауазымдарды қоса атқару мен қызмет аймағын кеңейтудің айырмасы қандай?
ҚР Еңбек кодексінің 131-бабында: 1. «Лауазымдарды қоса атқару; 2. Қызмет аймағының кеңеюі» деген тармақтар бар. Осылардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар және оны қалай түсінуге болады? Бір мезгілде екі-үш жұмысты атқаруға бола ма?
Мереке АХМЕТОВ, Ақмола облысы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшы маманы Ш. Молдабекованың жауабы мынадай:
– ҚР Еңбек кодексіне сәйкес лауазымдарды қоса атқару деп, – қызметкердің еңбек шарты бойынша, негізгі жұмысынан бос уақытта басқа тұрақты ақылы жұмысты атқаруын атайды. Ал «қызмет аймағының кеңеюі» деген ұғым – қызметкердің бір мекеме шеңберінде еңбек шартымен көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар, басқа лауазым бойынша қосымша жұмысты немесе уақытша жоқ қызметкердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай атқаруы дегенді білдіреді. Яғни бұл ретте қызметкер қосымша жұмысты өзінің негізгі жұмыс уақытының шегінде атқарады.