МӘМСке қатысты маңызды сұрақтар

МӘМСке қатысты маңызды сұрақтар

Медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы биылғы жылы жұртшылық тарапынан түскен маңызды сұрақтарға жауап берді.

1.     2021 жылдың қаңтар айы үшін жарна төледім, бірақ әлі «сақтандырылған» деген статус берілген жоқ. Оның себебі неде?
Медициналық көмекке жүгінген кезде алдыңғы 12 айдың жарнасы толық төленген болуы шарт. Жарна мен берешекке қатысты мәліметті Қордың Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы мен телеграм-каналдағы Saqtandyry бот арқылы білуге болады.


2. МӘМС пакетіне енген тегін дәрі-дәрмекті қалай алуға болады?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін тек медқызмет түрлерінің қолжетімділігі артты. Оған қоса сақтандыру есебінен берілетін дәрі-дәрмек тізімі де кеңейді. Тегін дәрі-дәрмек тұрғылықты жері бойынша жалпы практика дәрігері немесе салалық маманның динамикалық бақылауына алынған пациенттерге беріледі. Тиісті дәрі-дәрмек 18 жасқа толмаған балаларға емдеуші дәрігер тарапынан диагноз қойылғаннан кейін берілуі тиіс.

Тегін берілетін дәрі-дәрмектің тізімін сілтемеден қарай аласыз: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6087214


3. МӘМС пакетіне енетін қызметтерді көрсетуден бас тартқан жағдайда пациенттің қалтасынан материалдық шығын өтеле ме?


Медициналық сақтандыру қоры пациенттердің жеке шығындарын өтемейді. Егер тиісті қызметтің МӘМС пакетінде бола тұра медицина қызметкерінің кінәсінен көрсетілмегені дәлелденген жағдайда, шығынды емдеу мекемісінің өзі қайтарады. Ол үшін пациенттерді қолдау қызметіне немесе клиниканың басшылығына хабарласу қажет.


4. Қазақстанда тұруға рұқсат беретін ықтиярхатым бар. Сақтандыру пакетіндегі қызметтерді пайдаланғым келеді. Бірақ бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлей алмаймын. 
ҚР Салық кодексіне сәйкес, ықтиярхаты бар тұрғындар БЖТ төлей алмайды. Мұндай азаматтар өзін-өзі жұмыспен қамтыған санат өкілі ретінде әр айға 2125 теңге төлеп, сақтандыру жүйесіне қосыла алады.


5. Невропатолог дәрігер миды МРТ түсіруге жолдама берді. Бірақ емхана кезекке жазу бір айдан кейін басталады деп отыр. Сонда мен не істеуім керек?
Жалпы, салалық мамандардың қабылдауы мен диагностикалық қызметтерді көрсету мерзімі &ndash 10 күннен, шұғыл жағдайларда &ndash екі күннен аспауы тиіс. Егер емхана МРТ кезегіне жазуды адам көптігіне байланысты тоқтатқан болса, дәрігер пациентті өзге емдеу мекемесіне жіберуі тиіс. Қызмет қосымша атқару келісімшарты негізінде көрсетіледі.


6. Баламның тісін емдетуім керек. Стоматологиялық қызметке жолдаманы қайдан аламын?
Жалпы, стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға МӘМС пакеті шеңберінде тегін көрсетіледі. Ол үшін дәрігерден жолдама алудың қажеті жоқ.  Тек Қормен жұмыс істейтін стоматологиялық клиниканы таңдап, сол мекеменің қызметіне жүгіну қажет. Сізге қызмет көрсеткен стоматологиялық клиниканың қызмет ақысы бала тіркелген емхана арқылы төленеді. Ол үшін қосымша келісімшарт бекітіледі.


7. 2020 жылдың мамырына дейін шетелде оқыдым, қазір ресми түрде жұмыс істеймін. Маусым айынан бастап менің атыма жарна аударылып жатыр. Бірақ ақпараттық жүйеде статусым «сақтандырылмаған», себебі қаңтар айынан мамыр айына дейін қарыз бар деп тұр. Енді не істеймін?

Студенттер жеңілдігі бар санатқа жатады және білім алған кемемлекет тарапынан сақтандырылуы тиіс. Ақпараттық жүйеде көрсетілген қарызды жою үшін Білім және ғылым министрлігіне хат жазып, растайтын құжаттарды жолдау қажет. Министрлік тарапынан расталғаннан кейін Қор қордаланған қарызды өшіреді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста