Мақсатқа жетудің кілті

Мақсатқа жетудің кілті

«Секрет» фильмінің авторлары визуализация, яғни оймен болашақты барлау түріндегі жаттығулар арқылы ойға алған барлық арман-мақсатқа жетуге болады деп және соны нақты мысалдар арқылы баяндайды. Мәселен, күн сайын 10-15 минут көзіңізді жұмып отырып, қиялыңыздағы өзіңіз қалаған болашақ сәулетті үйіңіз туралы ойлайтын болсаңыз және сол үйге кіріп, тұрып жатқандай сезінсеңіз, күндердің күнінде Кеңістік сіздің тілегіңізді орындап, арманыңызға жететін жолға түсіреді және мақсатыңызға жеткізеді дейді фильм авторлары. Сырт қарағанда бұл ақылға сиымсыз қиял сияқты сезілгенімен, шындығында осы тәсілді пайдаланып, арман-мақсаттарына жеткен адамдардың барлығы және біреу-екеу емес, өте көптігі оның кездейсоқ еместігін анық дәлелдейді.

«Секрет» фильмінің жалғасы шығып, онда кванттық физиканың жетістіктері негізінде бұл ақылға сиымсыздау құбылысқа ғылыми түсінік беріледі. «Бақсақ бақа екен» дегендей, бар гәп адамның ғылыми тілмен айтқанда «подсознание», яғни түйсігіне байланысты болады екен. Сіздің ойлаған арман-қиялдарыңыз түйсігіңізде жазылады да, егер ол арман-қиялды күн сайын ойша қайталап,

түйсігіңіздің терең қатпарына енгізетін болсаңыз, түйсік сіз ұйықтап жатқанда, басқа жұмыстармен айналысып жүргенде әлгі арман-қиялдарыңыз түрінде жазылған ақпаратты санаңызға, тіпті одан тыс айналаңызға тарата отырып, сол мақсатыңызға бастайтын жолға қақпайлап түсіреді және белгілі уақыт өткен соң мақсатыңызға жеткізеді екен. Бұл – жәй теория емес, ғылыми негізделген шындық.

Міне, психология, кванттық физика аталатын бүгінгі ғылым салалары «Секрет» фильмінде сөз болған құбылыстың негізін ғылыми түрде осылайша дәлелдейді. Ал, бұл жалғыз ғылымның еншісіндегі құбылыс емес, оның түп негізі дінде жатқанын өкінішке орай, көбіміз онша ескере қоймаймыз. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, ғылым мен дін егіз ұғым және бірлесе жұмыс істегенде ғана толымды жетістікке қол жеткізуге болады. Ал олар жеке-жеке әрекет етсе, біреуі соқыр, екіншісі ақсақ түріндегі кемтарға айналмақ.

Енді осы мәселеге діннің қандай қатысы бар, соған назар аударалық. Санскрит тілінде осыдан бес мың жыл бұрын жазылған веда ілімінің қаймағы саналатын Бһагавад Гита кітабында Жаратқан былай дейді: «Барша тірі жанды Жаратушы Ие жаратылыс таңында құрбан шалумен бірге адамдар мен періштелерді жаратып, оларға «Осы йаджнаны (құрбанды) шала отырып бақытқа кенеліңдер, өйткені ол сендердің мұқтажсыз күн көріп, ақыр соңында азат болуларың үшін қажет нәрсенің бәрімен қамтамасыз етеді» деп бата берген».

Яғни, айтқанда барша тіршілік иелерін жаратқан Құдай йаджнаны немесе құрбандықты қоса жаратып, осы құрбандықты шалу арқылы арман-мақсаттарыңның бәріне жетесіңдер деп батасын берген дейді. Йаджна – құрбан шалу арқылы адамдар өздерінің ойларына алған кез-келген мақсаттарына қол жеткізулеріне болады. Міне, мақсатқа жетудің кілті осы.

Ал, йаджна – құрбан шалу деген не? Бұл дінде айтылған Алланың разылығы үшін малды құрбандыққа шалу ғана емес, ол ұғымның ауқымы өте кең. Мысалы, діни парызды орындап, намаз оқу, ораза ұстау, қайыр-садақа беру – бәрі де құрбан, яғни йаджна болып табылады. Оған қоса, дінді араластырмай-ақ, әрбір пенденің жасайтын түрлі әрекеттері де йаджнаға жатады. Мысалы, он жыл мектепте оқып, білім алу, немесе бір мамандық алу үшін бірнеше жыл уақытыңды сарып қылып оқу, шет ел тілін үйрену – бәрі де йаджна. Өйткені, сіз мамандық алу үшін біраз уақытыңызды, күш-қуатыңызды, ақыл-ой қуатын, ақырсында ақшаңызды шығын қылдыңыз, яғни құрбан еттіңіз.

Мына мәселеге назар аударыңыз: сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз да ойлаған мақсатыңызға жету үшін біліп болсын, білмей болсын үнемі йаджна, яғни құрбандыққа барып жүресіз. Ақиқаты мынау: мына фәни жалғанда ешқандай игілікті тегін алуға болмайды, бәрі үшін ақы төлеуіңіз қажет. Яғни, бәрі де сатылады. Ол ақы – сіздің уақытыңыз, күш-қуатыңыз, қабілет-қарымыңыз, белгілі бір игіліктерден еріксіз бас тартуыңыз, түрлі қиындықтар мен ауыртпалықтарға төзуіңіз түрінде болуы мүмкін. Мәселе оның қандай түрде болуында емес, ең бастысы – сіз кез-келген арман-тілегіңізге жету үшін белгілі дәрежеде ақы төлеуге, яғни құрбандыққа баруға мәжбүр боласыз. Тегін ештеңе де берілмейді.

Йаджна, яғни құрбандық біздің өмірімізде астасып ұдайы бірге жүреді, бірақ та көбіміз оған көңіл бөлмейміз және мән де бермейміз. Сол білімсіздігіміздің кесірінен біз тауқымет тартып, арман-мақсаттарымызға жете алмай, қиындықтар мен кедергілерге кез болып жатамыз. Ал, йаджнаның сырын білетін жандар оны пайдаланып, мақсаттары мен тілектеріне әрдайым оңай қол жеткізіп отырады.

Інжілде Иса пайғамбардың өз шәкірттеріне былай деп айтылған сөзі бар «Менің Әкем өте бай және жомарт, не қаласаңдар соны береді, неге Одан қалағандарыңды сұрамайсыңдар». Ал Қасиетті Құранда «Алла бұл дүниенің игілігін тілегендерге осы дүниенің игілігін береді, о дүниенің игілігін тілегендерге бақи дүниенің игілігін береді. Бұл дүниенің тілегін тілегендерге бақи әлемде несібе жоқ» деген аят бар. Осылардан көріп отырғанымыздай, Алла  пенделердің сұрағандарының бәрін де береді екен, бірақ жәй бере салмайды, йаджна түрінде ақысын төлеу қажет.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста